- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада Назарбаев Зияткерлік мектептерінің үздік мұғалімі анықталды (ФОТО)
Астанада Назарбаев Зияткерлік мектептерінің үздік мұғалімі анықталды (ФОТО)
Олардың ішінде математика, тарих, биология, физика, информатика, қазақ тілі пәндерінің ұстаздары бар. Әр қатысушы мектепішілік іріктеу кезеңінен сүрінбей өтіп, өз аймағының үздігі атанған.
«Жылдың үздік мұғалімі – 2015» байқауы 4 кезеңнен тұрды. Онда қатысушылар өздерінің зияткерлік, шығармашылық қабілеттерін, ақпараттық-коммуникациялық құзіреттіліктерін көрсету керек болды. Жарыстың бірінші күні, 19 қарашада ашық сабақтар өткізілсе, екінші күні 20 қарашада ақтық кезең өтіп, жеңімпаздар марапатталды.
Аталмыш бәсекенің басты мақсаты зияткерлік мектептердің дарынды ұстаздарын және үздік педагогикалық тәжірибені анықтау, мұғалімнің жеке дамуын ынталандыру, оқытуда инновациялық тәжірибелерді пайдалануды қолдау, Зияткерлік мектептердің үздік ұстаздарына құрмет көрсету болып табылады.
Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жиын залында өтті. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері ақшалай және бағалы сыйлықтармен, дипломдармен марапатталды. Қазылар алқасы қатысушылардың кәсіби шеберлігіне, жеке қасиеттері мен өзіндік мәнеріне, педагогикалық қызметтің тиімділігіне баса назар аударды.
Байқау қорытындысы бойынша, Бас жүлде Ақтөбе қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің физика пәнінің мұғалімі Самат Шариповке бұйырды. Ал бірінші орынды Петропавл қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің физика пәнінің мұғалімі Лариса Овчинникова қанжығасына байлады. Екінші орынды Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің информатика пәнінің оқытушысы Серік Мұқанов иеленді. Ал Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің информатика пәнінің ұстазы Ерали Бижанов жүлделі үшінші орынды қанағат тұтты.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы төрайымының орынбасары Светлана Испусинованың айтуынша, барлық қатысушы ұстаздар өздерінің кәсіби біліктіліктері мен ізденуге деген құштарлықтарын көрсете білді.
Айта кетейік, осымен үшінші рет өткізіліп отырған бұл байқау екі жылда бір рет қана ұйымдастырылады.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Үздіксіз білім берудің әлеуеті қалай -
«Қазақстан мұғалімі»: Өтінім мерзімі, жүлде қоры, талаптары мен шарттары -
6 шілде: Назарбаевтың өмірбаяны, еңбек жолы және үздік бастамалары -
Медицина қызметкерлерi күнi: Сала үздіктері Елбасы кiтапханасында бас қосты -
Зияткерлік олимпиадалар мен конкурстар өткізу процесіне енгізілген өзгерістер -
Назарбаев халықаралық әуежайында Ashyq жобасы іске қосылды -
А. Цой: Қазақстанда COVID-19-дың жаңа үш штамы анықталды -
Педагогтерге алғаш рет «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік наградасы табыс етілді
-
Қазақстандықтар Елбасы медалімен марапатталды -
COVID-19 әлемде: Францияда коронавирустың жаңа штамы анықталды, АҚШ-та антиденелері бар сәби дүниеге келді -
Назарбаев Нығматулинді фракция жетекшілігіне ұсынды -
Сайлау: Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев дауыс берді -
Қарулы Күштерде жыл қорытындысы бойынша үздік әскери қызметшілер марапатталды