- Басты
- Жаңалықтар
- Ақордада мемлекеттік наградаларға ұсынылатын үміткерлер анықталды
Ақордада мемлекеттік наградаларға ұсынылатын үміткерлер анықталды
20 Қараша, 2015 17:12
Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Комиссия отырысында мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктерден келіп түскен Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау жөніндегі ұсыныстар талқыланды.
Отырыс қорытындысы бойынша Комиссия мүшелері марапаттау үшін Мемлекет басшысының қарауына ұсынылатын кандидаттарды анықтады. Мемлекеттік наградаларды тапсыру дәстүр бойынша Тәуелсіздік Күні қарсаңында өткізіледі.
Қазақстан Президенті жанындағы консультативтік-кеңесшілік орган болып саналатын комиссия Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын бекіту және жою жөніндегі ұсыныстарды, награда мәселелері жөніндегі заңдардың жобаларын және басқа да нормативтік құқықтық актілерді, марапаттау туралы ұсынымдарды және өзге де мәселелерді қарастырады.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі қалай -
Қандай білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттаудан өтеді -
Қаржы саласы: Бюджетті жоспарлау, мемлекеттік сатып алуды жетілдіру және цифрландыру шаралары -
Қаржы министрлігі: Бюджет шығыстары мен кірістері, мемлекеттік активтерді басқару және мемлекеттік аудит -
31 мамыр: Саяси құрбандарды ақтау, мемлекеттік комиссия жұмысы және әлеуметтік төлемдер -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 158 мыңға жуық адам қатысты