• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда барлық дәрілік заттар туралы ақпаратты бір көзден алуға болады

Қазақстанда барлық дәрілік заттар туралы ақпаратты бір көзден алуға болады

20 Қараша, 2015 17:08
Қазақстанда барлық дәрілік заттар туралы ақпаратты бір көзден алуға болады, деді ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова.

«Дәрілік заттардың сапасын, қауіпсіздігі мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелерін шешу мақсатында 2015 жылдың соңына дейін Қазақстандық ұлттық дәрілік формуляр (әрі қарай – ҚҰФ) жасалатын болады. ҚҰФ-қа негіз ретінде әлемде «алтын стандарт» болып есептелетін британдық ұлттық дәрілік формуляр алынды», - деді Т.Дүйсенова.

ҚҰФ Қазақстанда тіркелген барлық дәрілік заттардың тізімін, олардың клиникалық дәлелденген тиімділігі, орын алуы мүмкін кері әсері туралы, әрбір препараттың шекті бағасы жайында ақпаратты қамтитын болады.

«Осылайша, ол тек дәрігерлер үшін емес, ел азаматтары үшін де үлкен анықтамалық болмақ.Денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында 2017 жылдан бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізілмек. Мемлекет азаматтардың 15 санатына (халықтың әлеуметтік тұрғыдан нашар тобы) жарна төлейтін болады», - деді министр.

Жұмыс берушілер жалдамалы жұмысшылар үшін, салық органдарында тіркелген қызметкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар жарнаны өздері төлейді.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар