Мемлекет басшысы бірқатар заңдарға қол қойды

20 Қараша, 2015 16:54
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспарын іске асыруға  және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша  өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес келтіруге бағытталған «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды. 

Сондай-ақ, Елбасы  «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сербия Республикасының Үкіметі арасындағы Инвестицияларды өзара көтермелеу және қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды

Заң мәтіндері  баспасөзде жарияланады.

Барлық жаңалықтар