• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақмола облысында Индустрияландыру картасы аясында 52 жоба пайдалануға берілді

Ақмола облысында Индустрияландыру картасы аясында 52 жоба пайдалануға берілді

20 Қараша, 2015 18:46
Ақмола облысында Индустрияландыру картасы аясында 52 жоба пайдалануға берілді, деді Ақмола облысының кәсіпкерлік пен өндірісті дамыту басқармасының жетекшісі Берік Мұстафин.

Осы шаралар нәтижесінде 5,4 мың жұмыс орны ашылды. Енгізілген жобалардың ішінде өндірісті дайын өніммен 35 кәсіпкерлік қамтып отыр, оның ішінде 20 жоба бағасы қосылған өнімді шығаруда.

«Нұрлы жол» бағдарламасының нәтижесінде жергілікті кәсіпорындар өндірістік қуаттылықтарын күшейтуге мүмкіндік алды», - делінген хабарламада.

Жетекшінің айтуынша, Көкшетауда «Вектор» комбайн зауыты» ЖШС базасында құрастырлмалы комбайндар өндірілуде. 10 айдың ішінде 222 бірлік құрастырылды.

Зауыт «Қазагроқаржы» АҚ үшін астық жинайтын техниканы шығарады. Аталмыш бағдарлама бойынша, осы жылы 135 кобайн әзірленді, жыл соңына дейін олардың санын 200 бірлікке жеткізу жоспарланған.

 

Барлық жаңалықтар