Алматыда дата-орталығы ашылды

20 Қараша, 2015 18:14
Бүгін Алматы қаласында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ деректерді өңдеу орталығы ашылды. Бұл компанияның «ҚР мемлекеттік органдарына хостинг қызметін көрсету үшін серверлік интернет платформаны құру» жобасы аясында құрылған соңғы ДӨО болып табылады, деп хабарлады «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметі.

Бұл жоба Қазақстан Республикасының электрондық үкіметін дамыту үшін инфрақұрылымдық алаңша болып табылады және мемлекеттік органдарға хостинг, «сolocation» (құрылғыны орналастыру мен инфрақұрылымды жалға беру),  «software as a service» (талап етілу бойынша бағдарламалық қамсыздандыру) қызметтері мен бағдарламалық-аппараттық кешенге жүйелік-техникалық қызмет көрсету үшін арналған.

Жаңа дата-орталық барлық халықаралық сапа стандарттарымен сәйкес салынды және қауіпсіздіктің 2-деңгейіне сай келеді. Бұл орталықтың тәулік бойы, аптасына 7 күн, жылына 365 күн тоқтаусыз жұмыс істейтінін және бағдарламалық-аппараттық кешендердің істен шығу төзімділігін 99% асатынын білдіреді.

Орталық бейнебақылау,  күзет-өрт сөндіру сигнал жабдығы,  автоматты газдық өрт сөндіру, тоқтаусыз электрмен қамту, ауабаптауыштар жүйелерімен, сондай-ақ  мониторингтің кешендік жүйесімен және басқару жүйесімен жабдықталған.

Компания басшылығының айтуынша, ДӨО қызметтері оңтүстік астананың мемлекеттік органдарына серверлік инфрақұрылым капиталдық құрылысына, оның қамсыздануына, жаңаруы мен сервистік сүйемелдеуіне кететін қаражатты үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа мемлекеттік органдар жоғарытехнологиялық құрылғыны сүйемелдеу үшін профильдік емес қызметпен айналыспайтын болады.

Бүгінгі таңда ұқсас орталықтар Қазақстанның барлық облыс орталықтарында жұмыс істейді. «ҰАТ» АҚ ДӨО-ның жалпы сайымдылығы 140 бағанды құрайды. 

Жаңа деректерді өңдеу орталығы Алматы қ., Ақсай-2 шағын ауданы, 38А, «Алматытелеком» ҚКО ғимаратының 3 қабаты, «Батыс-2» агенттігі мекенжайы бойынша орналасқан.

 

Барлық жаңалықтар