ИИДМБ: Алматының Индустрияландыру картасына тағы 10 жоба енгізілді

20 Қараша, 2015 20:21
Алматы қаласының Индустрияландыру картасының аймақтық үйлестіру кеңесі отырысының қорытындысы бойынша жалпы сомасы 15,5 млрд теңге болатын тағы 10 жоба қосылды. Аталмыш жобалар 1100-ден астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Сонымен, екінші бес жылдықтың 2015-2019 жж Индустрияландыру картасының жоспарына 95,6 млрд теңгеге 39 жоба енгізілді, деп қала әкімдігінен хабарлады.

Айта өтейік, әкімдік Индустрияландыру картасына жаңа жобаларды қабылдау бойынша жұмысты тұрақты түрде жүргізіп келеді. 

«Мақұлданған жобалар Алматының түрлі аудандарында индустриалды даму нүктесін  жасақтайды. Сонымен 10 жобаның 6-уы Түркісіб ауданында жүзеге асырылады, 2-уі  Бостандық, 1-уі  Медеу және тағы 1-уі Жетісу ауданында жүзеге асырылады», - делінген хабарламада. 

Барлық жаңалықтар