- Басты
- Жаңалықтар
- Астанадағы жарық диодты шамдар шығаратын зауытта қазақстандық қамту 72% құрады (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Астанадағы жарық диодты шамдар шығаратын зауытта қазақстандық қамту 72% құрады (ФОТОРЕПОРТАЖ)

«Біздің Президент энергияны үнемдейтін технологияларға көшу туралы жиі айтып келеді, адамдарда мәдениетті қалыптастыру керек. Сондықтанда біз аталмыш саладағы кәсіпорындарды ашу керектігін түсіндік. Ғимарат немесе құрал-жабдықтар болмады, бар болғаны тек идея. Бізді жергілікті әкімдік пен «Даму» қоры қолдағаннан кейін жылдық 12% үстемақымен несие алдық, оның 6% мемлекет субсидиялады. Кейін біз құралдар сатып алдық және енді жұмыс істеудеміз», - деді «LED Solution»ЖШС бас директоры Қаныбек Айтақов «Strategy2050.kz»АА берген эксклюзивті сұхбатында.
Жарық диодты өнім әлем бойныша соңғы алты жылда пайдаланыла бастады. «LED Solution» компаниясы Қазақстанда аталмыш өнімді өндіретін алғашқы кәсіпорын болды.
«Ашылған кезде алғашқылардың бірі болдық. Біз жаңа технологияны екі ай бойы Қытайда меңгердік. Жарық диодты шамдардың артықшылығына тоқталсақ деп едім, ол ұзақ қызмет етеді, экологиялық тұрғыда қауіпсіз және механикалық тұрғыда төзімді. Біздің шамдарымызға күкірт бар шамдар балама бола алады, алайда күкірт зиын және оның өндірісі бізде болған емес. Сонымен қатар, жарық диодты шамдарды лего сияқты үйде құрастыруға болады», - деп түсіндірді ол.
Өндіріс орналасқан алаңның көлемі 300 шаршы метр, алайда ол жылына 60 мың жарық диодтты шамдарды өндіруге кедергі келтірмейді. Коммпанияның жоспарында қуаттылықты 10-есе арттыру бар.
«Біз ашылғанда 4 адам жұмыс істеді, қазіргі таңда 23 адам жұмыс істейді. Біз жеткен жетістігімізбен тоқтап қалғымыз келмейді. Бізге Астанадағы АЭА-да 2 га жер бөлінді, онда зауытымызды салудамыз. Кәсіпорынды кеңейту мақсатында банктен тағы да 145 млн теңге көлемінде заем алдық, 43 млн теңгеге «Даму» қоры кепілдік берді. 2016 жылдың маусым айында зауытқа көшуді және өндіріс қуаттылығын 10 есе арттыруды жоспарлап отырмыз, ал жұмысшылар саны 50 адамға жеткізілетін болады», - деді бас директор.
Сонымен қатар, қазақстандық компания өндірістегі қазақстандық қамту үлесін 72%-ға жеткізді.
«Біз жарықдиодты Кореяда, қуаттандыру блогын Тайванда сатып аламыз, қалған бөлшектердің қазақстандық болуына назар аударамыз. Диод пен қуаттандыру көзін шетелден алдырамыз, себебі мұнда ол өндірілмейді. Қалған бөлшектері барлығы қазақстандық өндірістікі. Өзіміздің өнімімізге 3 жылға дейін кепілдік береміз», - деп атап өтті Қ.Айтақов
Айта кетейік, шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған «Даму» қорының қаржысы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында бөлінген.
Анар Тәңірқұлова
Фото Азамат Әлиев
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы
-
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды
-
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері
-
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі
-
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді
-
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді
-
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі
-
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді
-
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді
-
Пандемия басталғалы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамту 37% -ға төмендеді
-
Жем-шөппен қамту және егін жинау науқанына дайындық мәселелері
-
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді
-
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады
-
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері
-
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты

