Қазақстан Ауғанстанға 600 мың тонна астық экспорттайды – Елбасы

20 Қараша, 2015 14:20
Қазақстан Ауғанстанға 600 мың тонна астық экспорттайды, деді Ауғанстан Ислам Республикасының Президентi Мұхаммед Ашраф Ганимен кездесу барысында ҚР Президентi Нұрсұлтан Назарбаев.

«Біздердің кездесуімізде елдеріміз арасындағы қарым-қатынасты жандандыру, достық, сенім жағдайын көтеру мәселелері қаралды. Өйткені тұрып жатқан өңіріміз біреу. Бәріміздің салтымыз, ғұрпымыз, экономикамыздың түрі, жағдайы бірдей. Сондықтан біз сізбенен бүгін үлкен, тереңдетілген келіссөздер жүргіздік.Келіссөздер барысында екіжақты және көпжақты мәселелер талқыланған. Сонымен қатар екі елдің экономикалық қарым-қатынасын жандандыруға баса назар аударылған. Қазіргі 400 млн. долларға жетпейтін сауда ол әрине, өте аз. Сондықтан біз сізбенен ол жөніндегі көптеген мәселелерді келістік», - деді Елбасы.  

Қазақстан Ауғанстанға 600 мың тоннадан артық бидай экспорттайтын болады.

«Осы жылдар ішінде ауған елінің қиын-қыстау жағдайына байланысты Қазақстан әр уақытта да бауырлық көмегін көрсетіп отырды. Біз осы кезең ішінде 20 млн. долларға жуық гуманитарлық көмек көрсеттік», - деді Елбасы.

«Қолымыздан келген көмекті әрі қарай да елдің экономикасы өркендеуі үшін жасай беретін боламыз», - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы атап өткендей, кездесу барысында «Ауғаныстан аймағындағы геологиялық барлау; Ауғанстан ішіндегі жағдай. Орталық Азия елдеріне төнетін қандай қауіп бар, біздің қауқарымыз. Біздің құқық қорғау органдарымыз лаңкестік кезінде бірлесіп қалай жұмыс істемек».

Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей,  Қазақстан мамандары Ауғанстан жерінде геологиялық барлауы жұмыстарына атсалысатын болады.

Осы орайда, кездесу барысында ҚР Үкіметі мен Ауғанстан Ислам Республикасы арасында мәдениет, азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша келісімдерге қол қойылды.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар