- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Мексика экономикалық ынтымақтастықты нығайтуда (ФОТО)
Қазақстан мен Мексика экономикалық ынтымақтастықты нығайтуда (ФОТО)
Аталған сапардың бағдарламасы шеңберінде қазақстандық дипломат Керетаро штатының губернаторы Франсиско Домингеспен, Сантьяго де Керетаро және Сан Мигель де Альенде қалаларының муниципалитеттерінің президенттерімен (әкімдер), Керетаро штаты Конгресінің депутаттарымен кездесулер өткізді. Сондай-ақ, Елшіліктің ұйымдастыруымен «Қазақстан – Мексиканың Орталық Азиядағы экономикалық және мәдени серіктесі: келешегі мен мүмкіндіктері» бизнес-форумға қатысты.
Ресми кездесулер барысында аталған штаттардың, Сантьяго де Керетаро және Сан Мигель де Альенде қалаларының басшылығымен екі ел арасындағы ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ өзара мүдделі аймақтық деңгейде ынтымақтастықты дамыту талқыланды. Алдағы уақытта Сантьяго де Керетаро қаласының муниципалитетімен бірлесіп Қазақстанның экономикалық мүмкіндіктері туралы өңірдің кіші және орта бизнес өкілдерінің қатысуымен ірі бизнес-форумды ұйымдастыру, сондай-ақ жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты пысықтау, академиялық және мәдени бағытта жұмысты жандандыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Қазақстан мәдени тұсынан (кино, театр сөздері, фольклор және гастрономия) көрсете білу мүмкіндігін беретін келесі жылы өтетін жыл сайынғы мәдени халықаралық фестиваліне қатысуға (әрбір жылы сәуір-мамыр айларында) шақыру алды.
Осыған қоса, сапар барысында Сантьяго де Керетаро қаласының депутаттары конгрессінің жоғарғы алқасының шешіміне сәйкес, ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасына құрмет белгісі ретінде Қазақстан Республикасының Елшісі Сантьяго де Керетаро қаласының Құрметті азаматы атағына ие болды.
Елшінің Керетаро штатына ресми сапарының маңызды шаралардың бірі ретінде 50-ге жуық аймақтың ірі компанияларының өкілдерінің және қаланың бизнес-элиталарының қатысуларымен «Қазақстан – Мексиканың Орталық Азиядағы экономикалық және мәдени серіктесі: келешегі мен мүмкіндіктері» атты Сантьяго де Керетаро қаласының индустриялық паркінде бизнес-форум болды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды