• Басты
  • Жаңалықтар
  • Т.Дүйсенова:Қазақстанда медициналық мамандар халықтың науқастану деңгейіне байланысты дайындалады

Т.Дүйсенова:Қазақстанда медициналық мамандар халықтың науқастану деңгейіне байланысты дайындалады

20 Қараша, 2015 13:49
Қазақстанда медициналық мамандарды халықтың науқастану деңгейіне байланысты дайындау жоспарлануда, деп хабарлады ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын Сенатта таныстыру барысында.

Оның айтуынша, бағдарламада адам ресурстарын дамыту бағдарламасы бойынша ортақ саясатты жасақтау және жүзеге асыру қарастырылған.

«Маман тапшылығын болжау және жоспарлау жүйесін жетілдіруді қарастырып отырмыз. Яғни, маманға деген қажеттілік халықтың ауруға шалдығу деңгейіне, жас құрылымына, демографиялық өзгерістерге сәйкес анықталатын болады», - деді министр.

Т.Дүйсенова хабарлағандай, бүгінде Қазақстанда сұраныс ескерілместен үлкен дәрігерлер көлемі дайындалған.

«Сондықтанда алдағы бес жылда бұл мәселеге үлкен назар аударылады», - деп түйді министр.

Барлық жаңалықтар