• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мәжіліс отырысында сот-сараптама қызметіне қатысты заң жобасы талқыланады

Мәжіліс отырысында сот-сараптама қызметіне қатысты заң жобасы талқыланады

20 Қараша, 2015 15:03
Палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен Мәжіліс Бюросы өтіп, жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Халық қалаулылары назарына сот-сараптама қызметіне қатысты, сондай-ақ, «халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекске өзгерістер енгізу туралы заң жобалары бірінші оқылымда ұсынылмақ. 

Осы күні Мәжіліс депутаттары бағалы металдар мен асыл тастар туралы заң жобасын ілеспе құжатпен екінші оқылымда қарайды.

Сонымен қатар, жалпы отырыстың күн тәртібі  азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі келісімінің баптарын  ратификациялау туралы заң жобасын да қамтыды.    

Ал, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша түзетулерге қатысты жұмыс одан әрі жалғасады.

Жалпы отырыста Чехиямен заңсыз келген адамдардың реадмиссиясы туралы үкіметаралық келісімді ратификациялауға байланысты, сонымен бірге, рұқсат беру құжаттарын қысқарту және рұқсат беру рәсімдерін оңайлату мәселелері бойынша түзетулерге қатысты бейінді комитеттерге қорытынды әзірлеу мерзімі тағайындалатын болады.

 

Барлық жаңалықтар