- Басты
- Жаңалықтар
- Қ.Тоқаев: Денсаулық сақтауды белсенді жүзеге асыратын модель әзірлеп, оны жүзеге асыру қажет
Қ.Тоқаев: Денсаулық сақтауды белсенді жүзеге асыратын модель әзірлеп, оны жүзеге асыру қажет
«Халықтың денсаулығын қорғау Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың стратегиялық бағдарының басты басымдықтарының бірі болып табылады. Сапалы денсаулық сақтау жүйесі – ХХІ ғасырдағы ел дамуының айрықша әлеуетті факторы. Денсаулықты қорғау жүйесін тиісті деңгейде қамтамасыз ету әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кірудің маңызды кепілі болмақ. Сондықтан да, Қазақстанның ұзақмерзімді Стратегиясында: «Ұлт саулығы – біздің табысты болашағымыздың негізі» деп көрсетілген», - деді Қ.Тоқаев.
Оның айтуынша, Мемлекет басшысы денсаулық сақтау және медицина ғылымының озық жүйесін құру, дені сау ұлт қалыптастыру, қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығын 80 жасқа дейін жеткізу міндетін қойды. Аталған іс-шаралар Қазақстанның ішкі қажеттіліктеріне ғана емес, адамзат дамуының заманауи үрдістеріне, әсіресе, Біріккен Ұлттар Ұйымы қабылдаған Мыңжылдық даму мақсаттарын және 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму күн тәртібін орындау міндеттемелеріне лайықты жауап береді.
Қазіргі таңда Парламент «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 қадам» Ұлт жоспарын заңнамалық қамтамасыз ету жұмыстарының негізгі бөлігін тәмамдауда. Президент реформаларының шеңберінде депутаттар «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңды қабылдады.
«Ендігі жағдай осы жүйенің табысты жұмыс істеуіне байланысты болады. Осы саладағы бұрынғы қателіктерді қайталауға жол бермеу керек. Алғашқы медициналық-санитарлық көмекті күшейтуге және жекеменшік медицинаның дамуына қолдау көрсетуге, медициналық мекемелерде корпоративтік басқару жүйесін енгізуге баса назар аудару қажет. Бұл орайда, барша қоғам салалық министрлік пен басқа да жауапты органдардан Елбасы реформаларын сапалы түрде іске асыруды талап етуге құқылы», - деді ол.
Сенат спикері айтқандай, Парламентте 2009 жылы қабылданған «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексті» жетілдіру, ең төмен әлеуметтік стандарттарды орнату, дене тәрбиесі мен спортты дамыту, медицина саласында мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті арттыру жөніндегі заңнамалық актілерді жаңа талаптар негізінде жетілдіру жұмыстары жалғаса береді.
«Бүгінгі кездесуде «Саламатты Қазақстан» бағдарламасының нәтижелерін және жаңа «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының маңызды бағыттарын сарапқа салатын /жемісті пікір алмасу болады деп ойлаймыз», - деді ол.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Коронавирустан кейін денсаулықты қалай қалпына келтіру қажет -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет