- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев: Қазақстан Ауғанстанды тұрақтандыру үшін жан-жақты қолдау көрсетуде
Н.Назарбаев: Қазақстан Ауғанстанды тұрақтандыру үшін жан-жақты қолдау көрсетуде
Екі елдің көшбасшылары сауда-экономикалық, көлік-транзиттік, ауыл шаруашылық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Сондай-ақ халықаралық күн тәртібінің және өңірлік қауіпсіздіктің мейлінше өзекті жайттары қозғалды.
Қазақстан Президенті өзінің шақыртуы бойынша елімізге алғашқы ресми сапармен келген М.Ғаниға ілтипат білдірді.
«Орталық Азия өңірі мен Ауғанстанның ежелден ортақ бай мәдени және тарихи құндылықтары бар. Мен Сіздің елде болып жатқан оқиғаларды жақсы білемін. Біз кезінде бұрынғы Президент Х.Карзаймен көп ынтымақтастықта болдық. Қазақстан Ауғанстанды тұрақтандыру үшін жан-жақты қолдау көрсетуде. Біздің елге гүлденген Ауғанстан керек, біз осындай елмен жақын қарым-қатынас орнатқымыз келеді»,– деді Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі кезде Ауғанстан кезігіп отырған қиындықтар мен тәуекелдерге Қазақстанның терең түсіністікпен қарайтынын айтты.
«Соңғы жылдары тұрақтану үдерісі байқалып отыр, біз бұған қуаныштымыз. Сіз бүкіл халықты біріктіріп, ұлттық бірлік үкіметін құруға талпынып отырсыз. Бұл – маңызды ниет және оны біз қолдаймыз», – деді Қазақстан Президенті.
М.Ғани өз сөзінде еліміздің тәуелсіздік жылдары жеткен табыстарына назар аударды.
«Сіз «Қазақстан-2030» Стратегиясын жариялағаныңызда, әлемде оған көп ешкім сенбеді. Алайда Сіздің басшылығыңызбен және жан-жақты әрі жедел қабылданған шаралардың арқасында жария етілген мақсаттарға қол жеткізіліп қана қоймай, олар асыра орындалды да. Қазақстанда осылайша жүзеге асқан өзгерістер бүкіл өңірге жарқын үлгі бола алады. Осыған байланысты Сіздің 1997 жылы айтқан «Кеше әлі ерте болатын, ал ертең кеш болуы мүмкін» деген сөзіңізді еске алғым келеді», – деді Ауғанстан Президенті.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді