Қазақстанға алғашқы ресми сапармен Ауғанстан Президенті келді

20 Қараша, 2015 12:32
Қазақстан Республикасына Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Мұхаммед Ашраф Гани алғашқы ресми сапармен келді. Екі ел басшыларының келіссөздері барысында аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне назар аудару және сауда-экономикалық, білім беру, көлік-логистикалық салалардағы ынтымақтастық мәселелерін талқылау жоспарланған.

Ол кезде Н.Назарбаев пен М.Ғани екі жақты қарым қатынастың жағдайы мен болашағын, оның ішінде сауда-экономикалық, саяси, мәдени-гуманитарлық қарым-қатынасты талқылады. Таратаптар аймақтық және халықаралық ұйымдар аясындағы қарым-қатынас мәселелерін қарастырды. Бұдан басқа, халықаралық күн тәртібінің аса маңызды мәселелері де тілге тиек етілді.

Қазақстан президенті атап өткендей, Ауғанстан соңғы жылдары өте ауыр жолдан өтті.

«Біз сіздерді шын жүректен уайымдаймыз. Біздің мемлекеттер бір аймақта орналасқан, тарихқа көз жүгіртетін болсақ халықатарымыз әрқашан бір бірімен араласып келген, сауда және саяси байланыстыр да болған. Өкінішке орай мұның бәрі бүгінде тоқтап қалды, алайда Ауғаныстанға бүгінде тыныштықтың қайта оралуы қуантады», - деді Н.Назарбаев кездесу барысында.

Қазақстан Президенті Ауғанстандағы оң өзгерістерге назар аударды.

«Барлық халықаралық саммиттерде мен Ауғанстанды әрқашан қолдап келдім. Сіз сайланғаннан кейін Ұлттық бірлік Үкіметінің құрылуы аяқталды. Сонымен қатар, НАТО-ның әскерін шығаруы аяқталды, сіз оппозициямен келіссөздер жүргізуді бастадыңыз. Біз бұл қадамдарды қолдаймыз және арқашан қастарыңыздан табылуға дайынбыз», - деді Мемлекет басшысы.

Өз кезегінде М.Ғани елімізге ауғаныстандық студенттерді оқытуда қолдау көрсеткені үшін үлкен алғыс білдірді.

2012 жылдың 7 маусымында ҚР қолдауымен Ауғанстанға ШЫҰ жанындағы мемлекеттік бақылаушы мәртебесі берілді.

Қазақстан Республикасы мен Ауғанстан Ислам Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 12 ақпанда орнатылды.

2002 жылы Кабулда ашылған ҚР Дипломатиялық миссиясы 2003 жылдан бастап Елшілік мәртебесінде жұмыс істеуде.

Сауда-экономикалық қатынастарды дамытуда Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Ауғанстан бірлескен үкіметаралық комиссиясы (ҮАК) маңызды рөл атқарады.

Қазақстанда ауған азаматтарына білім беру бағдарламасы жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда Қазақстанның оқу орындарында 655 ауған азаматы білім алуда.

ҚР Үкіметі Ауғанстандағы мектеп, емхана және жолдардың құрылысына 2,38 млн. АҚШ долларын бөліп, 20,15 мың тоннаға жуық азық-түлікті гуманитарлық көмек ретінде жеткізді (жалпы сомасы 17,09 млн. АҚШ долл.).

Екіжақты тауар айналымы 2015 жылдың қаңтар-тамыз айында  210,7 млн. АҚШ долл. құрады

Екіжақты шарттық-құқықтық базасы ҚР мен АИР арасындағы Қарым-қатынас пен ынтымақтастық негіздері жөніндегі шарттан, сауда-экономикалық ынтымақтастық, білім саласындағы ынтымақтастық, есірткі құралдарының, психотропты және оған үйлес заттар мен прекурсорлардың заңсыз айнылымымен және теріс қолданылуымен күрес саласындағы ынтымақтастық туралы келісімдерден, сондай-ақ Дипломатиялық қарым-қатынастар орнату жөніндегі Хаттамадан тұрады.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар