• Басты
  • Жаңалықтар
  • Г.Әбдіқалықова: ҚХА елдегі қайырымдылық қызмет пен медиацияны дамытуды біріктіретін орталыққа айналады

Г.Әбдіқалықова: ҚХА елдегі қайырымдылық қызмет пен медиацияны дамытуды біріктіретін орталыққа айналады

20 Қараша, 2015 11:49
ҚХА елдегі қайырымдылық қызмет пен медиацияны дамытуды біріктіретін орталық болады, ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Астанадағы «ҚР этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік басқару және жария саясаты: қоғамдық келісімді нығайту үшін басқару мен азаматтық қатынас технологияларын тұжырымдау» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда.

«ҚХА елдің қайырымдылық қызметін біріктіруші орталыққа айналады. Бұл әлеуметтік түсінушілік пен достық, сенімділік тің өзара жүйесінің байланысы. Дауларды шешетін медиация орталығы құрылды. Астана және Алматы әкімдері, облыс әкімдеріне өңірлік достық үйлерінде медиация орталығын құру тапсырылды. Сондай-ақ, қоғамдық бақылау саласында жаңа әдістер қаралды, қазіргі таңда осы жұмысты 1722 қоғамдық келісімнің кеңесі атқаруда. Олар өңірлерде 2500 шара өткізді. Бұл қоғамның әлеуметтік қажеттілігін көрсетеді», - деді Мемхатшы.

Ассамблея Кеңесі мен этномәдени бірлестіктердің мүшелері іске асырып жатқан жұмыстардың маңыздылығын айқындай отырып, ҚР Мемлекеттік хатшысы Ассамблея жылы еліміздің әрбір азаматының жүрегіне жол табуда ұстанған мақсатқа жетуге мүмкіндік бергендігін атап өтті.

Айта кетейік, конференцияға ҚР Президенті Әкімшілігі, министрліктер мен ведомстволар, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық кеңесі мен халықаралық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ ғалымдар мен сарапшылар қатысып жатыр.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар