• Басты
  • Жаңалықтар
  • Маңғыстау облысының мемқызметкерлері «Мемлекеттік саладағы менеджмент» білім беру бағдарламасын аяқтады (ФОТО)

Маңғыстау облысының мемқызметкерлері «Мемлекеттік саладағы менеджмент» білім беру бағдарламасын аяқтады (ФОТО)

20 Қараша, 2015 15:51
Маңғыстау облысының мемлекеттік қызметкерлер тобы Алматы менеджмент университеті мемлекеттік және қоғамдық мектеп бағдарламасын аяқтады, деп хабарлады Маңғыстау облысының әкімдігі.

Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев 37 мемқызметкер пен 16 медицина қызметкеріне  Алматы менеджмент университеті мемлекеттік және қоғамдық  мектеп бағдарламасының дипломдарын табыстады.

«Маңғыстау облысында мемлекеттік және медициналық  қызметтің жаңа форматының іргетасы қалануда. Осы екі жыл бойы білім беру үрдісіне  бақылау жүргіздім, кейбір модульдерге өзім де қатыстым. Бізге әріптестеріміздің әлеуетін тексеру қажет болды, олар қандай міндеттерді еңсере алатындығын ескеру өте маңызды. Біз бұл орайда қателеспедік, бүгін алғашқы қарлығаштар түлеп  ұшты», - деді А.Айдарбаев.

2013 жылы Маңғыстауда білім беру бағдарламаларын іске қосу кезінде білім алуға Маңғыстау облысы әкімінің екі орынбасары, аудан әкімдері  мен мемлекеттік орган жетекшілері, мәдениет, білім беру саласының мамандары  да қатысқан болатын.

«Денсаулық сақтаудағы менеджмент» бағдарлмасы Маңғыстау облысында бастау алмс бұрын, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде аяқталды.

 

Барлық жаңалықтар