• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Мемлекеттік хатшысы: Біртұтас ұлт болашағы «Біз Қазақстанның халқымыз ...» конституциялық үлгісіне негізделген

ҚР Мемлекеттік хатшысы: Біртұтас ұлт болашағы «Біз Қазақстанның халқымыз ...» конституциялық үлгісіне негізделген

20 Қараша, 2015 11:02
Біртұтас ұлт болашағы «Біз Қазақстанның халқымыз ...» конституциялық үлгісіне негізделген, оның негізіне этносына қарамастан күллі мемлекет азаматтарының қоғамы принціпі салынған, деп хабарлады ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Астанадағы «ҚР этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік басқару және жария саясаты: қоғамдық келісімді нығайту үшін басқару мен азаматтық қатынас технологияларын тұжырымдау» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда.

«Жалпыұлттық құндылықтарды, заң үстемділігін, конфессияаралық келісімді нығайту  қазақстандық біркелкілік пен біртұтастылықтың негізі. Қазақстанның барлық азаматтарына ешқандай шектеусіз объективті әлеуметтік реформалар жасақтау және үш тұғырлы тілді дамыту. Біртұтас ұлт болашағы «Біз Қазақстанның халқымыз ...» конституциялық үлгісіне негізделген, оның негізіне этносына қарамастан күллі мемлекет азаматтарының қоғамы принціпі салынған», - деп сендірді ҚР Мемлекеттік хатшысы.

Оның айтуынша,  «Мәңгілік Ел» - ол жалпыұлттық идея, ол біздің ортақ стратегиялық мақсатымыз, ол қазақстандық құндылықтар мен бірлікті, келісімді қалыптастыратын жүйе.

«Мемлекет басшысы – тұрақтылық кепілі, егеменді мемлекеттің негізін қалаушы. Ал, халық мемлекеттік биліктің жалғыз көзі, тағдыры, тарихы бір халық қана ұлт қалыптастыра алады», - деді Г. Әбдіхалықова.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар