Астанадағы жаңа теміржол вокзалының құрылысы қызу жүріп жатыр

20 Қараша, 2015 20:43
Астана қаласындағы жаңа вокзалда теміржол эстакадасының құрылысы жүргізіліп жатыр, деп хабарлады «Самұрық-Қазына» АҚ.

««Вокзал кешенінің құрылысын қоса отырып, Астана станциясының теміржол торабын дамыту» жобасы аясында құрылыс жұмыстары кестеге сай жүргізіліп жатыр»,-  деді «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Ірі жобаларды жүзеге асыру Дирекциясы» филиалының директоры Владимир Клинг.

Ол сондай-ақ, «ұзындығы 2550 метр эстакада 87 тірекке бекітіледі. Нысанда алты қабылдау-жіберу жолдары мен вокзалдың кеңеюіне байланысты жетінші жолды ескеріп құрылыс жүргізілуде. Қазір 15 154 тонна аралық құрылыс металлдары орнатылды»,-деп атап өтті.

В.Клингтің айтуы бойынша, нысан құрылысына 1400 маман мен жұмысшының күші жұмылдырылып отыр.

Қазіргі Астана теміржол вокзалы тәулігіне 7000 жолаушыға қызмет көрсетсе, жаңа вокзалдың өткізу мүмкіндігі тәулігіне 35000 жолаушыны құрайтын болады.

Қаладағы «Мыңжылдың» аллеясының маңында бой көтеретін жаңа теміржол вокзалы 2017 жылдың наурыз айында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

 

Барлық жаңалықтар