• Басты
  • Жаңалықтар
  • Г. Әбдіқалықова: ҚХА Қазақстанның біртұтас ұлт болашағының жол картасы болады

Г. Әбдіқалықова: ҚХА Қазақстанның біртұтас ұлт болашағының жол картасы болады

20 Қараша, 2015 10:42
Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына арналған «ҚР этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік басқару және жария саясаты: қоғамдық келісімді нығайту үшін басқару мен азаматтық қатынас технологияларын тұжырымдау» халықаралық конференциясы өтуде.

«Конференцияның негіңзгі мақсаты басқару техникасын жасақтау және қоғамдық келісімді нығайтудағы азаматтық қатысу бойынша нақты ұсыныстар жасақтау. Ассамблея жылы Елбасы 5 институционалды реформаны жүзеге асыруға ҚХА белсенді атсалысуын, бірінші кезекте Біртұтас болашақ ұлтын қалыптыстыруды басты міндет  деп көрсетті. Біртұтас ұлт болашағы – ол басты идея және 5 реформаның негізі. Халықтың рухы әр қашан мемлекеттің табыстылығын анықтайтын фактор болған және солай бола береді», -деді ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара  Әбдіқалықова конференция барысында.

ҚР Мемлекеттік хатшысының айтуынша, біркелкілік пен біртұтастылықты қалыптастыру бойынша барлық жұмыстар Қазақстан халқы Ассамблеясы шеңберінде жасақталады. Ол Қазақстанның біртұтас ұлт болашағының жол картасына айналады.

Айта өтейік, конференция аясында сала мамандарының, мемлекеттік органдар өкілдерінің, сарапшылардың қатысуымен пленарлы пікір таластар өткізу жоспарланған.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар