- Басты
- Жаңалықтар
- Әскери ұшқыштар заманауи тренажерда пилотаждау техникасын пысықтайды (ФОТО)
Әскери ұшқыштар заманауи тренажерда пилотаждау техникасын пысықтайды (ФОТО)
«МиГ-31 ұшағы экипажының кешенді тренажеры ұшулардың сенімділігі мен қауіпсіздігінің деңгейін арттыру мақсатында ұшу экипаждарын жерүсті даярлау үшін арналған. Ол ұшу құрамына пилотаждау, ұшақ жүргізу, жауынгерлік қолдану шеберлігін, сондай-ақ ерекше жағдайларда ұшу құрамының іс-қимылын пысықтауға мүмкіндік береді. Кез келген метеожағдайларда, жылдың кез келген мезгілінде қыста, жазда, түнде, күндіз, кез келген күрделі жағдайда ұшқыштың тренажерда ұшып өтуі оның сыныптық біліктілігіне байланысты болады. Мәселен, 3-сыныпты ұшқыш жылына тренажерда 60 сағатқа дейін ұшып өтуі тиіс», - деді кешенді тренажер бастығы капитан Петр Дорогов.
Бұл кешенді тренажер авиабазаға тапсырыспен жасалып, бір данада ұсынылғанын айта кетейік.
Оқып-үйрету кезінде әскери қызметшілер шынайы ұшу жағдайында болады. Оларды пилот, штурман, диспетчерлер басқарып отырады. Онда ұшқыштың кабинасы, ұшу-қондыру жолағы, әуе мен жер бұрынғы қалпына келтірілген. Тренажер ұшудан бастап қондыруға дейін барлық ұшуды толық елестете алады, әртүрлі ауа райы жағдайын, яғни, жауын-шашын, тұман, боран және т.б, қаз қалпына келтіреді.
Одан басқа, онда апаттық жағдайларды қайта қалпына келтіріп, іс-әрекетті пысықтауға болады. Мысалы, ұшақтың қандай да бір жүйесінің тоқтап істемей қалуы. Бұл ұшқыштарға сол немесе өзге жағдайда нұсқаулыққа сәйкес барлық қажетті іс-қимылдарды пысықтауға мүмкіндік береді.
-
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
Strategy2050.kz тілшісі «Заманауи білім» республикалық конкурсының жеңімпазы атанды -
Қарулы Күштерде әскери қызметшілер мен курсанттар үшін 19 сайлау учаскесі құрылды -
Қазақстанның әскери ғылымы: іс жүзінде қолдануға арналған бағыт
-
Қарулы Күштерде жыл қорытындысы бойынша үздік әскери қызметшілер марапатталды -
Жауынгерлік даярлық: тренажерлардан әскери техникаға -
Тоқаев Мәскеудегі әскери парадқа қатысты -
Түркістанда ауыл шаруашылығы техникасын жинау жобасы жүзеге асырылып жатыр -
Елордада «Мейірім шуағы» қалалық акциясы өтті (ФОТО)
-
ХҚО-лар қалай жұмыс істеп жатыр (ФОТО) -
Елордаға қалай кіруге болады (ФОТО) -
Қызмет көрсету сапасы жағынан бәсекеге қабілетті болуымыз керек – әлеуметтік кәсіпкер (ФОТО)