• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда 2016 жылдан бастап мұнай мен МӨЗ-дегі қайта өңдеу нарығын ырықтандыру жоспарлануда

Қазақстанда 2016 жылдан бастап мұнай мен МӨЗ-дегі қайта өңдеу нарығын ырықтандыру жоспарлануда

19 Қараша, 2015 18:44
2016 жылдың қаңтар айынан бастап мұнай мен МӨЗ-дегі қайта өңдеу нарығын ырықтандыру бойынша реформалар өткізу керек болады, деп хабарлады ҚР ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев «2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы барысында .

«Дәл қазіргі күні бензинге бағаның көтерілуіне қатысты ешқандай да алғышарт жоқ. Өйткені, бензинге тапшылық та жоқ, тек сатушылар арасында бәсеке ғана бар.  Біз нарықты аштық. 2016 жылдың қаңтар айынан бастап мұнай мен МӨЗ-дегі қайта өңдеу нарығын ырықтандыру бойынша реформалар өткізу керек болады. Баға бойынша өзара келісім жасау көріністері бар, алайда бұл бәсекені қорғау болып табылады», - деді ол.

Министр атап өткендей,  аталмыш мәселе табиғи монополияларды реттеу комитетінің бақылауында.

«Егер бағаны көтеруге қандайда бір шешім қабылданатын болса, онда оның объективті себебі болады. Біз ол туралы айтатын боламыз. Әзірге бағаның көтерілуі бойынша ешқандай себеп жоқ. Мемлекет ішінде 2016 жылдың қаңтар айынан кейін үш МӨЗ-дің  проблемаларын шешеміз деген үміттеміз», - деп түйді ҚР ҰЭМ басшысы.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар