- Басты
- Жаңалықтар
- 2020 жылға дейін өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында 4200-ден астам отбасы баспаналы болды - «Бәйтерек»
2020 жылға дейін өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында 4200-ден астам отбасы баспаналы болды - «Бәйтерек»
Әлеуметтік жалға берілетін баспаналар Елбасының тікелей тапсырмасымен іске асырылуда. Ол туралы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» халыққа Жолдауында атап өтілген. Дәлірек айтсақ, Президент халыққа тиімді шарттармен баспана беруді тапсырды. Осы мақсатта ҚР Үкіметі 2020 жылға дейін өңірлерді дамыту бағдарламасын жасақтады.
«Бүгінде дәл осы жалға берілетін тұрғын үйлер қолжетімді және сұранысқа ие құрал болып табылады. Бірінші жылдың қорытындысы бойынша аталмыш құрал аса қымбат ипотекалық құралдарды алмастыра алатынын айқын байқатты. Аталмыш бағдарламаның операторы ретінде «Бәйтерек» ұлттық басқару холдингі» АҚ-ның еншілес ұйымы - "Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" ИҰ" АҚ бекітілді», - делінген хабарламада.
Баспасөз қызметі хабарлағандай, бағдарламаны жүзеге асыру үшін Ұлттық қордан 92,5 млрд теңге бөлінді.
«2015 жылға қойылған міндет – 400 мың шаршы метр немесе шамамен 7 мың пәтермен қамтамасыз ету. 2015 жылдың қарашасындағы жағдай бойынша Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Тараз, Қарағанды, Қостанай, Семей, Талдықорған, Павлодар, Көкшетау және Ақтау қалаларында барлығы 244,7 мың шаршы метр немесе 4229 жалға берілетін пәтер пайдаланылуға берілді. Қалған 2 872 тұрғын үй жыл соңына дейін халық игілігіне берілетін болады. Осылайша, 2015 жылдың негізгі міндеті орындалатын болады. Алғаш рет Қазақстанның тарихында мемлекеттік құрылым 400 мың шаршы метр тұрғын үймен бір жылдың ішінде қамтамасыз ете алды», - делінген ақпаратта.
Ботагөз Айтжанова
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары