• Басты
  • Жаңалықтар
  • ЖІӨ-ге қатысты республикалық бюджет тапшылығы 2015 жылы 3,0 % деңгейінде сақталды

ЖІӨ-ге қатысты республикалық бюджет тапшылығы 2015 жылы 3,0 % деңгейінде сақталды

19 Қараша, 2015 18:04
Республикалық бюджет тапшылығы 2015 жылы ЖІӨ-ге қатысты 3,0 % деңгейінде сақталды.Бұл туралы бүгін Мәжілісте «2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы барысында ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлімдеді.

«Республикалық бюджет тапшылығы 1 257,7 млрд. теңге мөлшерінде немесе ЖІӨ-ге қатысты 3,0 % деңгейінде сақталды. 2015 жылға арналған республикалық бюджет шығыстары бекітілген мөлшерге қатысты 66,5 млрд. теңгеге азайтыла отырып, 7 179,2 млрд. теңге көлемінде болжанып отыр», - деді министр. 

Оның айтуынша, 2015 жылы ЖІӨ 41 701,2 млрд теңге көлеміне бағаланды, ол ақпан айындағы болжамнан 393,6 млрд теңгеге жоғары.

Осы жылдың қаңтар-қазан айларында экономика өсімі бәсеңдегеніне байланысты 2015 жылы ЖІӨ өсімі 1,5 пайыздан 1,2 пайызға дейін төмендеді.

ЖІӨ өсімінің төмендеуі бойынша өндірістегі өнеркәсіп 2014 жылы 1,8 пайызға төмендеді, оның ішінде мұнай өндіру бойынша 79 млн теңгені құраған болатын.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар