• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда меморгандарда IT-салаларын дамыту үшін МЖӘ моделін қолдануды жоспарлап отыр

Қазақстанда меморгандарда IT-салаларын дамыту үшін МЖӘ моделін қолдануды жоспарлап отыр

19 Қараша, 2015 18:31
Қазір біз мемлекеттік -жеке әріптестік саласымен тығыз байланыста жұмыс жасап жатырмыз. Бұл тетік жеке сектор мемлекеттің ақпараттық жейесіне инвестициялай алатындай тиімді болады деп үміттенеміз, деді «Зерде» Ұлттық ақпараттық коммуникациялық холдингі» АҚ басқармасының басшысы Бикеш Құрманғалиева Strategy2050.kz. АА берген эксклюзивті сұхбатында.

- Бикеш Қайдарқызы, бұған дейін Сіз, жаңаша бетбұрыстарды анықтайтын «Ақпараттандыру туралы» Заң жобасы қазір ҚР президентінің қол қоюында жатқанын айтқан болатынсыз.  Соған толығырақ тоқталсаңыз.

- Мамандардың көбі  біз ақпараттық жүйелерге деген талаптарды толық, кешенді түрде талқылағанда ғана  IT - инфрақұрылымының тиімділігіне қол жеткізуге болатынын түсінеді. Бұл талаптар қандай да бір мекеменің қызметімен байланысты. Бұл ретте біз мембасқарудың барлық жүйесі туралы айтып отырмыз.   «Ақпараттандыру туралы» заң - ақпараттандырумен байланысты барлық қарым-қатынасты реттейтін негізгі құжат. Онда ақпараттық коммуникациялық саланың барлық түсінік аппараты енгізіледі, қарым-қатынастар, негізгі ойыншылар, тараптардың жауапкершілігі анықталады.  

- «Ақпараттандыру туралы» заң корпоративтік сайттарды қалай дұрыс әзірлеу керектігін анықтай ма? 

- Мемлекеттік органдар арасындағы біріктірілген сервистік моделі туралы айтқанда, әңгіме тек корпоративтік сайттарды қалай дамыту турасында ғана емес, әңгіме мемлекеттік басқарудың барлық жүйесінің буындарының бірі ретінде меморгандарды кешенді автоманттандыру турасында. 

Бізде бір ғана меморган қатысатын электронды форматта көрсетілетін қызметтер қалған жоқ. Ең аз дегенде қандай да бір ведомство ҚР Әділет министрлігімен, ҚР ұлттық экономика министрлігімен  байланысты. Егер біз заңды тұлғалар туралы айтсақ,  онда оның қызметі Әділет министрлігімен, Ұлттық экономика министрлігімен, ҚР салық жүйесімен  байланысты. 

- Соңғы жылдары елде инновациялық технологияларды дамытуға баса назар аударылуда. Мәселен,  Астанада TechConnect.Tech. форумы өтті. Бүгінде көптеген сарапшылар атап өткендей,  болашақ инновациялық технологияларда. Осы туралы сіз не ойлайсыз?   

- IT - сектор шығындар орталығынан инновациялар технологиясына айналуда. Бүгінде бұл секторға үлкен үміт артылуда.   Инновациялар туралы сөз қозғағанда біз ең алдымен  тиімді   IT - өнімдер, жүйелер туралы айтамыз.  Сұраныс артуда, және қазір тек электронды үкіметпен ғана емес, экономиканы цифрландырумен айналысу үшін де жұмыс жүріп жатыр.  Егер бұрын азаматттардың барлығы қандай да бір құжат үшін меморгандарға барса, онда қазір оны жсаудың қажеті жоқ, бизнесте де солай.   

- Жақында ҚР президенті  мемлекеттік-жеке әріптестік мәселесі бойынша заңнама толықтыруларына қол қойды. Мемлекеттік секторда IT - технологияларына жеке инвестицияларды тарту жоспарланып жатқан жоқ па? 

- Бізде зор ақпараттық жүйелер бар, олар бюджет бойынша шығынға толы.  Олар үшін біз МЖӘ үлгісін қолданамыз. Жақында заңның жаңа редакциясы қабылданды.  Қазір біз бұл заңды бейімдеу және  IT-секторы үшін қандай да бір тетік жасау үшін МЖӘ саласымен тығыз жұмыс жасап жатырмыз. Бұл тетік тиімді болады деп үміттенеміз. 

Біздің ойымызша, келісімнің орташа мерзімі 5-7 жыл аралығында болады және сол кезде инвестор тарту мүмкіндігі туады. Оған қоса компаниялар да тәжірибе жинақтайды, себебі тұрақтылық болады. Біз компаниялар өнімнің қандай да бір түрі бойынша мамандануды бастайды деп ойлаймыз. Моделдің негізгі идеясы  сервис үшін мемлекеттің төлем жасауында, бірақ ол сол жүйелерді жүзеге асырушы инвестор бола алмайды.  Әзірге біздің нарық инвестициялауға дайын емес. Ал дәстүрлі түрде мемлекет инвестор ретінде шығушы еді.

- Сұхбатыңызға рахмет.

Барлық жаңалықтар