• Басты
  • Жаңалықтар
  • М.Пішембаев: Инновацияларды дамыту және инвестициялау үшін зор мүмкіндіктер ұсынылуда

М.Пішембаев: Инновацияларды дамыту және инвестициялау үшін зор мүмкіндіктер ұсынылуда

19 Қараша, 2015 17:09
Бүгін қазақстандық-австриялық бизнес-форумда Қазақстан машина құрастырушылары одағының төрағасы Мейрам Пішембаев Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктірі туралы әңгімеледі.

Ол атап өткендей, Қазақстан  экономикасының көптеген салаларында инновацияны дамыту мен инвестициялау үшін зор мүмкіндіктер ұсынылуда. 

«Елдегі қазына саясаты мен саяси климат болжалды, ал бұл өз кезегінде инвесторлардың жұмысын  көп жылдарға қорғайды.  Нәтижесінде сіз қысқа мерзімге секілді, ұзақ мерзімді болашаққа да пайдалы  инвестициялар салу мүмкіндігіне ие боласыз», - деп атап өтті М.Пшембаев.

Оның айтуынша, «Қазақстан біздің әріптестермен, инвесторлармен және әлемдік машина құрастырушы қоғамдастықтармен бірге аэроғарыш, автокөлік, білдек жасау өнеркәсібі, мұнай-газ, электротехникалық, темір жол және т.б. секілді Қазақстан экономикасының салалары үшін машина құрылысы өнімін өндіруде заманауи машина құрылысы технологиясын енгізуді және дамытуды жоспарлап отыр».

Сондай-ақ, М.Пшембаев 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша машина құрылысы саласында 4000 астам кәсіпорын жұмыс жасап жатқанын айтты. Қазақстанның индустрияландыру картасы бойынша көлік, мұнай-газ, тау-металлургиялық машина құрылысы салаларында, ауыл шаруашылық техникасы мен электротехикалық құрал-жабдықтар өндірісінде 9 жаңа ірі жоба жүзеге асырылуда.  «Машина құрылысы саласы Қазақстанның барлық өңірінде кеңінен тараған және соңғы 10 жылда тұрақты өсімді қамтып отыр», - деді ол.  

Барлық жаңалықтар