- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылорда облысында жыл соңына дейін 2600 орындық мектепке дейінгі мекемелер ашылады
Қызылорда облысында жыл соңына дейін 2600 орындық мектепке дейінгі мекемелер ашылады
Оның 390 – балабақша, 258 – шағын орталықтар. Барлығы 43351 бүлдіршін мектепке дейінгі білім беретін мекемемен қамтылған. 3-6 жас аралығындағы балаларды балабақшамен қамту көрсеткіші 94 пайызды құрап отыр. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 100 пайызға жеткізіледі. Осылайша «Балапан» бағдарламасы белгіленген мерзімінен бұрын орындалмақ.
Аймақтағы балабақшалардың 60 пайызы (234 балабақша) жекеменшік. Онда 15 715 бала тәрбиеленуде. Өңір кәсіпкерлері балабақшаларды мемлекеттік-жеке әріптестік аясында ашып жатыр. Өйткені, олардың жұмыс істеуіне барлық жағдай жасалған.
Алдағы уақытта балабақша кезегінде тұрғандардың санын анықтап, алдын ала мониторинг жасап отыру үшін ситуациялық орталықтың ақпараттары қолданылатын болады. 2015 жылы барлығы 460 орындық балабақша іске қосылды. Мұнан бөлек Сырдария ауданындағы жекешелендіріліп кеткен 140 орындық балабақша мемлекеттің меншігіне қайтарылып, 110 бөбекті балабақшамен қамтуға мүмкіндік туды.
Жыл соңына дейін тағы 2698 орындық мектепке дейінгі білім беретін мекемелер ашылатын болады. Алдағы уақытта білім басқармасы балабақшалардағы педагогтардың біліктілігін арттыруды қолға алмақшы. Жалпы Қызылорда облысында мемлекеттік және жекеменшік балабақшалар салу жұмыстары жалғасын табады. Өйткені облыс бала туу көрсеткіші бойынша республикада үшінші орында тұр.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары