- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада М.Ғабдулиннің 100 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтуде
Астанада М.Ғабдулиннің 100 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтуде
«Мәдениет және спорт министрлігі жыл сайын қоғам қайраткерлері мен мәдениет қайраткерлерінің мерейтойларына арналған шаралар өткізеді. Осы жылы біздің ведомство өзге мәдени шаралармен қоса Кеңес Одағының Батыры, көрнекті жазушы, қоғам қайраткері, әдебиет зерттеуші Мәлік Ғабдуллиннің 100 жылдық мерейтойына арналған шара өткізуде», - деді МСМ Мәдениет және өнер департаменті директорының орынбасары Нұрболат Ахметжанов.
Ғылыми-практикалық конференцияда М.Ғабдуллиннің мұрасын зерттеуші педагог-ғалымдар: Серік Негимов, Қорабаев Серікқазы, Рахымбаев Еркін, сондай-ақ Қазақстанның беделді білім ордаларының ғалымдары мен профессорлары және мерейтой иесінің жақын туыстары Мариям Кенжеахмет, Әбдірова Салтанат қатысып, Мәлік Ғабдуллиннің өмірі мен шығармашылығы туралы баяндамалар жасайды.
Конференция аяқталған соң, елімізге танымал сахна шеберлері Майра Ілиясова, Серік Ибрагимов және «VoiceKZ» тобының, сондай-ақ танымал театр артистері Жасұлан Ерболат, Мейрам Қайсановтың қатысуымен салтанатты концерт өтеді.
Аталған шара барысында ғылыми-практикалық конференция, кітап көрмесі және салтанатты концерт өткізу жоспарланған.
Сондай-ақ, салтанатты кештің басында М.Ғабдуллиннің өмірі мен қайраткерлігі туралы 10 минуттық деректі бейнефильм көрсетіледі.
Анар Тәңірқұлова
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
Президент тапсырмасы: «Жас ғалым» жобасы аясында 1000 грант бөлінді -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
COVID-19: Вакцина вирустан 100% қорғай ма -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері -
Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты -
Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына арналған концерт онлайн өтті -
Елордада Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған кездесу өтті