• Басты
  • Жаңалықтар
  • Т.Мұсабаев: 2030 жылы Байқоңыр ғарыш айлағы гепитилді ракеталардан бас тартады

Т.Мұсабаев: 2030 жылы Байқоңыр ғарыш айлағы гепитилді ракеталардан бас тартады

19 Қараша, 2015 15:36
2030 жылға қарай Байқоңыр ғарыш айлағында бірінші санаттағы зиянды жарылғыш заттар – гептил мен амилдің ракеталық құрылымы алынып тасталады, деді Қазғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев Байқоңыр ғарыш айлағының 60 жылдығына арналған «Жұлдызды жол батырлары» дөңгелек үстелі барысында.

«Қазғарыш бірінші санаттағы зиянды жарылғыш заттар – гептил мен амилдің ракеталық құрылымы алынып тасталады. Бүгінде бірқатар шаруа жүргізілді, гептил қолданылатын 4 ракетаның үш түрі алынып тасталды. Тек қана «Протон» қалды. Ресей Федерациясы ракетаның бұл түрін қалдыруды өтінді. Егер біз «Протонды» алып тастасақ, ғарыш айлағы жабалып қалады», - деді Т.Мұсабаев.

Ол атап өткендей, қазіргі таңда қауіпсіздік шараларын жүзеге асыру мен апатты жағдайларды болдырмау мақсатында барлық қажетті шараларды жүзеге асырып жатырмыз. Егер гептил ғарышқа шығып, сол аймақта жанып кетсе одан ешқандай зақым келмейді. Қазақстан ресейлік тарап барлық қажетті шаралардың қамтылуы үшін жағдай жасауда.

«Бұл өте күрделі үрдіс болды, біз «Протон» мен жіберулерді кесте бойынша сәйкестендірдік. Біз орташа есеппен «Протонның» 15 ракетасын ұшырамыз, 2025 жылға қарай ол 5-ті құрайды, 2030 жылы «Протонды» жіберуге тиым саламыз. Байқоңыр ғарыш айлағында бірінші санаттағы зиянды жарылғыш заттар – гептил мен амилдің ракеталық құрылымы алынып тасталады», - деді ол.

 

 

Барлық жаңалықтар