• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР-да барлауға арналған оңайлатылған тәртіпте жер қойнауын пайдалану құқығын алуға өтініш беру басталды

ҚР-да барлауға арналған оңайлатылған тәртіпте жер қойнауын пайдалану құқығын алуға өтініш беру басталды

19 Қараша, 2015 19:23
2015 жылдың 24 қарашасынан бастап барлауға арналған оңайлатылған тәртіпте жер қойнауын пайдалану құқығын алуға өтініш беру басталады. Модельдік келісім-шартты жасасу мерзімі өтініш беру күнінен бастап 25 күннің ішінде жүзеге асады, деп хабарлады Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Заңында алғашқы геологиялық барлауға инвесторлардың қосылуын тарту үшін австралия үлгісінің аналогы бойынша жер қойнауының аз зерттелген учаскелерін барлау үшін жер қойнауын пайдалану құқығын ұсынудың оңайлатылған тәртібі енгізілді. 

Пилоттық жоба ретінде жаңа орнын анықтау үшін тиісті рәсімдерді өткізуге арналған перспективалық болып табылатын Степногорск қаласының ауданы белгіленді. Мұнан былай басқа да аз зерттелген Қазақстан аумақтары  қамтылады.

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес өтініш беруші барлау үшін оңайлатылған тәртіппен жер қойнауын пайдалану құқығын алу үшін өтінім жібереді.

Барлау үшін оңайлатылған тәртіппен берілетін жер қойнауы учаскесі он блоктан аспауға тиіс, олардың әрқайсысы координаттардың географиялық жүйесінде бір минутқа тең.

Барлық жаңалықтар