• Басты
  • Жаңалықтар
  • «ҚазТрансОйл» АҚ-ның 2015 жылдың 9 айы ішіндегі таза пайдасы 38,8 млрд теңгені құрады

«ҚазТрансОйл» АҚ-ның 2015 жылдың 9 айы ішіндегі таза пайдасы 38,8 млрд теңгені құрады

19 Қараша, 2015 16:07
«ҚазТрансОйл» АҚ-ң 2015 жылдың 9 айы ішіндегі шоғырланған түсімі 157,8 млрд. теңгені құрды, бұл 2014 жылдың 9 ішіндегі ұқсас көрсеткіштен 4% жоғары, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

«ҚазТрансОйл» АҚ-ң 2015 жылдың 9 айы ішіндегі шоғырланған таза пайдасы 38,8 млрд. теңгені құрды, бұл 2014 жылдың 9 ішіндегі ұқсас көрсеткіштен 4% жоғары.

Айта кетейік, «ҚазТрансОйл» - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес компаниясы, Қазақстан Республикасы магистральдық мұнай құбыры жөніндегі ұлттық операторы. Компания ұзындығы 5,6 мың км-ден аса мұнай құбырлары мен ұзындығы 1,9 мың км-ден аса су ағызғылары желісін басқарады, 8 мыңнан аса адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

«ҚазТрансОйл» АҚ компаниялар тобының өндірістік нысандары Қазақстанның Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан.

 

Барлық жаңалықтар