• Басты
  • «Нұрлы жол» экономиканы дамытудың пәрменді құралы болып табылады - шетелдік сарапшы
19 Қараша, 2015 14:32

«Нұрлы жол» экономиканы дамытудың пәрменді құралы болып табылады - шетелдік сарапшы

«Нұрлы жол» экономиканы дамытудың пәрменді құралы болып табылады, деді Қазақстан Республикасындағы Литва Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Витаутас Наудужас Strategy2050.kz. АА берген эксклюзивті сұхбатында.
«Нұрлы жол»  экономиканы дамытудың пәрменді құралы болып табылады - шетелдік сарапшы | Strategy2050.kz

- Бүгінде жаһандық әлем экономиканың даму қарқынында кезекті құбылулар кезеңіне тап келіп отыр. Түрлі елдер шынайы өмірге бейімделудің жаңа тәсілдерін іздестіруде. Осы тұрғыда сіз Қазақстан қабылдап отырған шараларға қандай баға бересіз? 

- Әрине, әлемдегі экономикалық көрініс көңіл көншітерліктей емес. Бұл саяси жағдайға да қатысты.  Терроризммен күрес. Париждегі лаңкестік шабуылдарды еске түсірсек жеткілікті. Әрине болашақта экономикада жарқын сәттер болады. Дегенмен, қазір көптеген елдер қиындықтарға тап келіп отыр. Неге? Себебі қазір экологияға кері әсер етіп отырған тиімсіз энергетикадан тиімді энергетикаға көшу жүруде. Бұл өте маңызды мәселе, себебі энергетика барлық әлеуметтік-экономикалық дамудың моторы болып табылады. Егер энергетиканы алып тастасақ, онда экономикада аяқ киім өндірісі мен тоқаш пісіру ғана қалады. Әрине мен асыра сілтеп отырмын. Қазір сол энергетикада бірнеше маңызды бағыттар пайда болды. Бұл ең алдымен энергияны үнемдеу, энергияның қайта жаңғыртылатын түрлері, энерго тиімділік, тақта тасты энергетика. Қазақстанның керемет бастамаларының бірі -   EXPO-2017 көрмесін өткізу, оның басты тақырыбы да Болашақ энергиясы болмақ. Яғни сіздің ел энергетика саласында ғылыми-техникалық прогреске бет бұрып жатыр. Бұл өте дұрыс, өте керемет! Екінші аспект  транспорт. Энергетикасыз транспорт жоқ. Бұл екеуі егіз ұғымдар.  Және мұнда Нұрсұлтан Назарбаев көптеген маңызды бастамаларды алға тартып отыр. 

- Сіз, мүмкін, біздің «Нұрлы жол» бағдарламамыз туралы білетін шығарсыз. Сіз оған қалай қарайсыз? 

- Иә, әрине. Ең алдымен айтарым, «Нұрлы жол» бағдарламасында алдағы уақытқа басым бағыттар нақты айқындалып көрсетілген. Онда қазір не істеу керегі нақты айтылған. «Нұрлы жол» - бұл экономиканың кез келген «ауруына» байланысты керемет мәзір. Аталмыш бағдарлама Қазақстанды әлемдік экономикадағы  дағдарыстан қорғайды, тек энергетикада емес, басқа да салаларда. «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қаржының  40%-ы көлік саласындағы міндеттерді шешуге бағытталған.  «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» жобасы да  қуантарлық. Бұл ретте Қазақстан көбін жүзеге асырып, қаржыландырды.  Темір жол саласында да Қазақстан көптеген жетістіктерге жетуде. Көбінде осындай жобаларға салынып жатқан ақша қайтарыла ма деген сұрақ туындайды. Мен «иә» деп жауап беремін. Барлық шығындар өтеледі. Логистикалық орталықтар да ойдағыдай жұмыс жасайды. Және бұл салада біздің кірістеріміз біреше есе өседі, ол кез келген ауропалық елдің кірісінен жоғары болады.  Сонымен қатар, сізде Азияның ірі құрылысы жүріп жатыр. Ол EXPO-2017. 

- Яғни сіздің ойыңызша, транспорттық жобаларды жүзеге асыру біздің экономикамыздың дамуына елеулі серпін бола ма? 

- Әлбетте. Қазақстанның жер ауқымы өте үлкен. Бұл әлемдегі тоғызыншы аумақ!    Транспорттық логистиканы дамыту арқылы тауарлардың бағасын арзандатуға болады. Бағаға әсер ететін екінші маңызды фактор  энергетика. Осы салада энергияны үнемдеу және басқа да шаралар арқылы тауарлар бағасын төмендетуге болады. Одан адамдардың жалақысы төмендемейді. Мәселен, АҚШ-та, Еуропада жалақылар өте жоғары. Олар тауардың ақырғы құнының  5-7% ғана құрайды. Сондықтан басты назар дайын тауарлар бағасының тарнспорттық және энергетикалық құрамдастарына аударылуы керек.  Бұл дұрыс басымдықтар.  Оған қоса реформаларды жүзеге асыру жолдары да көрсетілген. Мен «100 қадам» туралы айтып отырмын. Әсіресе, заманауи білім беруді дамыту да маңызды. Сіздер ол туралы айтып қана қоймай, жүзеге асырып жатырсыздар.  Мені Назарбаев Университеті де таң қалдырды. Бұл алға деген үлкен қадам. Оның үстіне сіздер өз елдеріңізде ғана емес, «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде мамандар дайындауды жалғастырудасыздар.  Бұл де өте дұрыс.  Себебі осы жобалардың барлығын жүзеге асыру үшін мамандар дайындау өте маңызды. Жалпы менің ойымша, Қазақстан өзінің тұрақты дамуын жалғастырып отыр. Бұл өте маңызды. Мен сіздің баспасөзді мұқият шолып отырмын, белгілі бір тұжырымдар жасаймын. Қазақстан дағдарыстан сенімді түрде сақталған деп ойлаймын. Атап айтсақ, «Нұрлы жол» бағдарламасының қабылдануының арқасында. 

- Сұхбатыңызға рахмет. 

Данияр Қасымов

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды