• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қостанай облысында қан айналым жүйесі ауруларының өлім-жітімі 40 пайызға дейін қысқарды

Қостанай облысында қан айналым жүйесі ауруларының өлім-жітімі 40 пайызға дейін қысқарды

5 Қараша, 2013 16:00
Қостанай облысында 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жалғасуда, деп облыстың ішкі саясат басқармасы хабарлады.

«Қан айналым жүйесі ауруларының өлім-жітім себептері құрылымында барлық әлемдегідей алдыңғы орында. Осы  нозологиядан өлім-жітімді төмендету мақсатында облыс ішінде қазіргі заманғы технологиялыр қолданылатын 2 кардиологиялық және инсульттық орталықтар ашылды», - деп хабарламада нақтыланған.  

Нәтежесінде қан айналым жүйесі ауруынан өлім-жітімі  3 жыл ішінде  41% төмендеді.

Ана өлім-жітімінің көрсеткіші 50% төмендеді, сонымен қатар 2012 жылы облыстық денсаулық сақтау тарихында алғашқы рет бірде бір өлім-жітіміне жол берілмеді.

Барлық жаңалықтар