• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстандық локомотив өндірушілер үшін тартымдық есептеулер анықталуда - ҚТЖ

Қазақстандық локомотив өндірушілер үшін тартымдық есептеулер анықталуда - ҚТЖ

19 Қараша, 2015 15:03
ҚТЖ-да «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ өндіретін тепловоздар басқаратын жүк пойыздары үшін салмақ мөлшерін анықтаудың алғашқы кезеңі аяқталды, деп хабарлады Ұлттық компанияның баспасөз қызметі.

Сынақ Арыс – Сексеуіл теміржол учаскіліснде жүргізілді. Мұндай сынақ сапарларын Сексеуіл – Әйтеке би; Тобыл – Илецк – Өзіңкі теміржол учаскілерінде өткізу жоспарланып отыр.

Жаңа тепловоздарды қолданысқа енгізгенмен, жүк пойыздарының салмақ нормасы негізінен өзгермеген.

«Көлік ғылыми-зерттеу институты» ЖШС стандарттау, сертификаттау және метрология орталығының басшысы Есентұр Сайранбаев былай дейді: «бұл резервтерді қолдану мен ТЭЗЗА сериялы тепловоздарына арналған жүк пойыздарына ғылыми дәлелденген салмақты анықтау мақсатында арнайы тартымдық есептеулер мен сынақтар жүргізілді».

Тәжірибелік сапарлар нәтижесі жүк пойыздарының салмағын бағдарлардың жеке учаскілері бойынша 200-ден 700 тоннаға дейін ұлғайтуға болатынын көрсетті. 

КҒЗИ-ның жетекші ғылыми қызметкері Виталий Ширяевтың айтуы бойынша, «салмақ мөлшерін ұлғайтуды қолданысқа енгізген жағдайда тепловоздар мен локомотив бригадаларының қажеттілігі төмендейді. Ал ол өз кезегінде жанармайды үнемдеуге жол ашады. Өзінің конструкторлық ерекшеліктері бойынша тепловоздар мөлшерден тыс жүк тиеуден қорғалған, сондықтан салмақ мөлшерін ұлғайтудан тепловоздың техникалық жағдайының нашарлауы мүмкін емес».

Мамандардың сөзіне сенсек, «жүргізілген сынақтардың нәтижесі бойынша эксплуатациялық шығынды төмендетуге мүмкіндік беретін нормотивті-техникалық құжаттар қайта жаңартылып,тасымалдау үдерісінің тиімділігін арттырады».

Барлық жаңалықтар