• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қ.Қожамжаров Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекетаралық кеңестің төрағасы болып тағайындалды

Қ.Қожамжаров Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекетаралық кеңестің төрағасы болып тағайындалды

19 Қараша, 2015 12:10
Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекетаралық кеңестің төрағасы болып тағайындалды.

Астанада өтіп жатқан отырысыта Қ.Қожамжаров кандидатурасын барлық қатысушылар бір ауыздан қолдады.

Айта кетейік, төрағалықтың тәртібіне сәйкес, кеңесте орыс әліпбиі бойынша төрағалар  кезектесіп отырады, егер кеңес шешімімен таңдалса, осыған дейін болғандар оған қызметтес болады.

Осыған орай әліпби тәртібі Беларусь Республикасынан кейін Қазақстанды таңдап отырса, қызметтес ел Ресей болмақ.

Кеңес төрағалығы Қазақстанға тапсырылғандықтан, кеңес төрағасы Қайрат Қожамжаров, ал қызметтес РФ бас прокуроры Юрий Чайка болады.

 

Барлық жаңалықтар