• Басты
  • Қазақстанда «Балаға мейірімді қала» бастамасы бастау алады
19 Қараша, 2015 12:06

Қазақстанда «Балаға мейірімді қала» бастамасы бастау алады

2015 жылғы 20 қарашада Астана қаласында «Балаға мейірімді қала» бастамасын жүзеге асыру бойынша ведомствоаралық жұмыс тобының және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті жанындағы Үкіметтік емес ұйымдар кеңесінің кеңейтілген бірлескен отырысы өтеді.
Қазақстанда «Балаға мейірімді қала» бастамасы бастау алады

ҚР БҒМ хабарлағандай, кеңейтілген бірлескен отырыс ең үздік халықаралық тәжірибені ескере отырып әзірленген балаға мейірімді қалаларды мойындаудың ұлттық жүйесіне бастама болып табылады.

Қазақстанда «Балаларға мейірімді қала» халықаралық бастамасы ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті облыстар мен қалалардың әкімдіктерімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия мен Қазақстандағы БҰҰ (ЮНИСЕФ) Балалар қорының өкілдігінің қолдауымен жүзеге асырылады. Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің жанында бастаманы іске асыру бойынша министрліктердің, Үкіметтік емес ұйымдардың және БҰҰ (ЮНИСЕФ) Балалар қоры өкілдігінің қатысуымен ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды.

Кеңейтілген отырыстың қатысушылары ҚР Білім және ғылым, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, Мәдениет және спорт, Ұлттық экономика, Ішкі істер министрліктерінің өкілдері, облыстардың және қалалардың әкімдер орынбасарлары, БҰҰ (ЮНИСЕФ) балалар қорының, Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, Астана қаласының ұйымдары мен органдарының, БАҚ өкілдері (150 адам).

Кеңейтілген отырыстың пленарлық бөлімі барысында бастаманы іске асыруға қосылған қалалардың жұмысы нәтижесін талдау, балалар жағдайындағы жетістіктерді растаған Қазақстанның қалаларына  «Балаларға мейірімді қала» атағы мен дипломдарды салтанатты түрде табыстау болады. Секция отырысы барысында Қазақстанда «Балаларға мейірімді қала» бастамасын іске асырудың өзекті мәселелерін талқылау, қалалардың өкілдерін қазақстандық индекстерді есептеу рәсімімен таныстыру, Женева қаласындағы Қазақстан Республикасында балалардың жағдайы туралы мерзімдік баяндаманы қорғаудың қорытындысын талдау, сонымен қатар адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтын құру мәселелерін және 2016 жылға арналған бірлескен жұмыс жоспарын әзірлеуді талқылау жоспарланды.

 

Барлық жаңалықтар