- Басты
- Жаңалықтар
- А. Цой: Қазақстанда туберкулезбен сырқаттану 6 жылдың ішінде 1,6 есеге төмендеді
А. Цой: Қазақстанда туберкулезбен сырқаттану 6 жылдың ішінде 1,6 есеге төмендеді
«Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында халықтың туберкулезбен сырқаттануын төмендетуде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткіздік. Елімізде аталған аурумен сырқаттану 6 жылдың ішінде 1,6 есеге, оның салдарынан туындайтын өлім-жітім 2,6 есеге төмендеді», - деп атап айтты ол.
Вице-министр әртүрлі сараптамалық бағалаулар бойынша Қазақстан жыл сайын 300-500 мыңнан 1 млн-ға дейін еңбек мигранттарын қабылдайтынын, олардың 15%-ы жұқпалы аурулармен, оның ішінде туберкулез және АҚТҚ-мен ауыратынын мәлімдеді. Отандарына ауруы анықталған 10 адамның көп дегенде біреуі ғана қайтарылады. Өзге мигранттар еліміздің денсаулық сақтау жүйесіне өз ауыртпашылығын жүктеп отыр. Шамамен мигранттар ағынының үштен бір бөлігі 2 ірі қаланың еншісінде: Алматы және Астана.
Республикада туберкулезбен сырқаттанған мигранттарға туберкулезге қарсы көмек шаралары ДДСҰ Еуропалық Аймағындағы (2012 ж. Вольфхезедегі бәтуаластық мәлімдемесі) туберкулезді трансшекаралық бақылау мен емдеудің ең төменгі пакетіне сәйкес жүзеге асырылады. Бұл – мигранттар арасындағы туберкулез бен көптеген әрі кең көлемді дәрілерге тұрақтылығы бар туберкулезді диагностикалаудың сапасы мен қолжетімділігін арттыру болып табылады. Шаралар ЖҚТБ, туберкулез, безгек ауруларымен күрес бойынша Жаһандық қор грантының шеңберінде денсаулық сақтау саласында білім беру және қайырымдылық шараларын өткізумен айналысатын халықаралық үкіметтік емес «Project HOPE» (Проект ХОУП) гуманитарлық ұйымымен бірлесе отырып жүргізіледі.
Қазақстанда 2014-2020 жылдарға арналған туберкулезбен күрес бойынша кешендік жоспар жүзеге асырылуда. Аталған жоспарға мигранттар арасында туберкулезді емдеу мен алдын алу бойынша қызметтерді жетілдіру, жоғарғы деңгейде кездесулерді ұйымдастыру арқылы аймақтық диалогқа бастамашылық ету шаралары кіреді. ХОУП Жобасының ДДСҰ, көші-қон халықаралық ұйымы, Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қоғамдары Халықаралық федерациясымен бірлесе отырып өткізілетін бағдарлама еліміздің еңбек мигранттары көп қоныстанған 7 аймағында жүзеге асырылады.
Шараға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей және Өзбекстан елдерінің жетекші мамандары, денсаулық сақтау және көші-қон мәселелерімен айналысатын министрлік пен ведомстволардың, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (әрі қарай-ДДСҰ), көші-қон және ұлттық туберкулезге қарсы орталықтарының, сонымен қатар, ҮЕҰ өкілдері қатысты.
Кездесу аясында екі күннің ішінде жұмыс топтарында және пленарлық отырыстарда жуық арадағы 12 айға жұмыс құралы болатын Әрекеттер жоспары (Жол картасы) талқыланатын болады.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда «Project HOPE» өзінің туберкулезбен күрес бағдарламасын 1993 жылдан бастаған болатын. Сол уақыттан бері туберкулезді бақылау бойынша әртүрлі жобаларды енгізуге қатысып келеді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады