• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Премьер-Министрі С.Ахметов Мемлекет басшысы тапсырмаларын орындау барысын қатал бақылауға алды

ҚР Премьер-Министрі С.Ахметов Мемлекет басшысы тапсырмаларын орындау барысын қатал бақылауға алды

5 Қараша, 2013 15:26
Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Мемлекет басшысы тапсырмаларын орындау барысын қатал бақылауға алды.

Премьер-Министр «жұмыстың төмен қарқынын және министрлер, әкімдер, жалпы Үкімет тарапынан Президент тапсырмаларын орындауға жіті көңіл бөлінбейтінін» атап өтіп, «Мемлекет басшысының тапсырмаларын жедел және тиімді орындау» қажеттігін басып айтты.

Министр, сондай-ақ, мемлекеттік органдарға, нақты айтқанда экономика және бюджеттік жоспарлау, өңірлік даму, қаржы, индустрия және жаңа технологиялар министрліктеріне Жоспардың 42 іс-шарасы тапсырылатынын айтып, олардың орындалу мерзімдерін мәлімдеді.

С.Ахметов атап өткендей, «егер жылдың соңына қарай жағдай өзгермесе, Мемлекет басшысының атына бірінші басшыларды, оның ішінде әкімдерді жазалау туралы ұсыныстар енгізуге құқылы боламын». Ол сондай-ақ «Мемлекет басшысының тапсырмаларын және барлық бағдарламалық құжаттарды сапалы және уақытылы орындау қажеттіне барлық мемлекеттік органдар, холдингтер бірінші басшыларының және өңір әкімдерінің» назарын аударды.

«Атқарушы билік – бұл, ең алдымен, Президент саясатын жүзеге асыру құралы. Бұл туралы барлығы, жекелеп алғанда Үкімет мүшесі, әкім есте сақтауы тиіс», - деп атап өтті Премьер-Министр.

С.Ахметов айтып өткендей, «Үкіметтің барлық әрекеттері ашық және БАҚ арқылы халыққа жеткізілуі тиіс. Бұл жұмыс жүйелі, тұрақты және барынша ашық болуы керек». Осыған байланысты ол мәдениет және ақпарат министрлігін «барынша белсенді болуға, қызметтің ақпараттық бағытын күшейтуге» шақырды.

Қортындылай келе, Үкімет басшысы «барлық министрлер және өңір әкімдері сондай-ақ өздерің қолданатын шаралардың тиімділігін және нәтижелілігін анықтаумен өз жұмыстарын талдаулары тиістігін» атап өтті. «Мемлекет басшысы тапсырмаларының орындалуын енді біз апта сайын тыңдайтын боламыз», - деп түйіндеді С.Ахметов.

 

 

Айта кетейік, жиында 2013 жылдың 11 қазанында ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысының берген тапсырмаларын орындау барысы мәселелері талқыланды

Барлық жаңалықтар