• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан Президенті ТКМ жұмысшыларының VI съезі қатысушыларын қарсы алды

Қазақстан Президенті ТКМ жұмысшыларының VI съезі қатысушыларын қарсы алды

18 Қараша, 2015 18:26
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ТКМ жұмысшыларының VI съезін саланың одан әрі дамытуының пікірталас алаңы деп атады, деді Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев съезд баоысында.

Съезде сөз сөйлеген Әсет Исекешев Елбасының құттықтау сөзін оқып берді.

«Бүгінгі таңда тау-кен-металлургия саласы елдегі ең маңызды сала болып есептеледі. Ол жалпы ұлттық экономиканың жағдайын білдіреді. Бұл саланың көптеген кәсіпорындары әлеуметтік проблемалардың шешілуіне әсер етеді. Метал нарығының тұрақсыздығына қарамастан осы жылы отандық металлургия өнім өсімін көрсетті», - делінген үндеуде.

ҚР Президентінің айтуынша, жұмыстың одан әрі осы деңгеймен дамуы үшін экспортты әртараптандыру қажет, өндірілетін өнімнің терең өңдеуіне ие болып, минералды шикізаттың қорын ұлғайтуға жағдай жасау керек.

«Тау-кен –металлургия саласының съезі маңызды пікірталас алаңына айналды. Бүгінгі  шара маңызды ұсыныстар мен тұшымды шешім табуға септігін тигіеді деген ойдамын», - делінген хабарламада. 

Барлық жаңалықтар