• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мәжіліс «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын мақұлдады

18 Қараша, 2015 17:22
Мәжілістің жалпы отырысында палата депутаттары «2016 - 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын мақұлдады.

Үкімет белгіленген болжамға сәйкес, 2016-2020 жылдары экономиканың орташа жылдық өсімі 3 пайыз шамасында болжанады. Сонымен қатар, 2016 жылға арналған республикалық бюджеттік кірістер болжамы трансферттерді есепке алмағанда 3 трлн. 513,2 млрд. теңге шамасында айқындалған.

Сонымен қатар, республикалық бюджеттің шығыстары ағымдағы жылғы деңгейге қарағанда 2016 жылы 74,4 млрд. теңгеге өсіммен  7 трлн. 318,9 млрд. теңгені құрайтын болады. Ал 2017 жылғы бюджет шығыстары  7 трлн. 731,1 млрд теңге,  2018 жылы  7 трлн. 457 млрд. теңге шамасында белгіленіп отыр.Кірістердің басым бөлігін салықтық түсімдер құрайтын болады. Ал

Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт мөлшері 2 трлн. 300 млрд. теңге сомасында белгіленген.

Бұдан бөлек, заң жобасына сәйкес, республикалық бюджет тапшылығы 2016-2018 жылдары бұған дейін айқындалған мөлшерде қалатынын атап өтті. Бұл көрсеткіш 2016 жылы  723,4 млрд. теңгені немесе ЖІӨ-ге 1,6% пайызды құрайды. 2017 жылы тапшылық 600,8 млрд. теңге немесе ЖІӨ  1,2 пайызын, 2018 жылы  552,3 млрд. теңге немесе ЖІӨ 1,0 пайызын құрамақ.

 Талқылаудан соң Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Мәжіліс депутаттарына қолдау білдіргендері үшін ризашылығын білдірді.«Біз бұған дейін 2014-2015 жылдары қабылданған шешімдердің барлығын 2016-2018 жылдарға арналған дағдарысқа қарсы бағдарламаға шоғырландырамыз. Бүгін мақұлданатын бюджет алдымызға жүктелген міндеттерді тиімді шешуге септігін тигізеді деп ойлаймын», - деді К. Мәсімов.  

 

Барлық жаңалықтар