• Басты
  • Жаңалықтар
  • ДСӘДМ 2016-2018 жылдарға арналған әлеуметтік шығындары 6 трлн 527 млрд теңгені құрайды

ДСӘДМ 2016-2018 жылдарға арналған әлеуметтік шығындары 6 трлн 527 млрд теңгені құрайды

18 Қараша, 2015 17:06
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2016-2018 жылдарға арналған әлеуметтік шығындары 6 трлн 527 млрд теңгені құрайды, деп хабарлады ҚР қаржы министрі Бақыт Сұлтанов ҚР Парламенті Мәжілісіндегі пленарлы отырыста.

«ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің үш жылға арналған әлеуметтік шығындары 6 трлн 527 млрд теңгені құрайды», - деді Б.Сұлтанов.

Министрліктің мәліметі бойынша 2016 жылы әлеуметтік қорғау шығындары 1 трлн 879 млрд теңге болады.

«Ал, 2016-2018 жалдардағы денсаулық сақтау шығындары  2 трлн 198, 8 млрд теңгені құрайды»,- деп толықтырды Б.Сұлтанов.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар