• Басты
  • Жаңалықтар
  • Халықтың 85%-ы Мемлекет басшысының Үкіметке қатысты айтқан сынымен келіседі

Халықтың 85%-ы Мемлекет басшысының Үкіметке қатысты айтқан сынымен келіседі

5 Қараша, 2013 16:30
«Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығы зерттеуі бойынша, сауалнамаға қатысқан халықтың 85 пайызы Мемлекет басшысының Үкіметті сынағанын орынды деп тапқан. Бұл жайлы «Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығы» ҚҚ директоры Юлия Кучинская ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде мәлімдеді.

«ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырсындағы Мемлекет басшысының айтқандары атқарушы органдарды бір сілкіп алды. Менің ойымша, бұл енді ары қарай дұрыс жұмыс жасауға септігін тигізуі керек. Негізінде елдің дамуындағы өткір және күн тәртібіндегі басты мәселелер бойынша көптеген бағдарламалардың қабылданғаны мен енгізілгеніне қарамастан, қоғамдық пікірдің нәтижесі ҚР Үкіметінің жұмыс істеуіндегі сылбырлықты халық толықтай көріп отырғанын көрсетеді», - деді Ю.Кучинская.

26-31 қазан аралығында институт тарапынан Қазақстан халқы арасында сауалнама жүргізілген болатын. Телефон арқылы жасалған сауалнамада ауылдың да, қаланың да халқы қамтылды. Сауалнама қорытындысы төмендегідей:

«Күн тәртібінедегі мәселелеріне және тұрғылықты жердің мәселелеріне мемлекеттік орган өкілдері соңғы жарты жылда көңіл аударды ма?»-деген алғашқы сұраққа 18 пайызы ғана толымды жауап бере алды.

«Менің ойымша, бұл көрсеткіш мемлекет тарапынан қабылданып жатқан және қолға алынып жатқан бағдарламалар ел игілігіне қызмет етпейді, халықтың сұранысын қанағаттандырмайды, тіпті қарапайым халыққа бұл шаралар жетпейтінін байқатады», - деп нақтылады Ю. Кучинская.

«Сауалнамаға қатысқан әр үшінші азамат мемлекеттік органдардың жұмыс істемейтіні мен жемқорлық жайлағанын айтады. Сонымен қатар 41 пайызы денсаулық сақтау саласының ақсап тұрғанын алға тартса, халықтың 24 пайызының жол сапасына көңілдері толмайды», - деді ол.

Бұдан бөлек сауалнамаға қатысқандардың шамамен үштен бірі білім беру саласын, жаңа жұмыс орындарының ашылмайтынын және күнкөріс төмендігін сынаған. Ал әр бесінші азамат тұрғын үй мәселесін айтқан.

 

 

Барлық жаңалықтар