2016-2018 жылдардағы бюджетте мемлекеттің әлеуметтік міндеті толық сақталды

18 Қараша, 2015 16:27
2016-2018 жылдардағы бюджетте мемлекеттің әлеуметтік міндеті толық сақталды, деді Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев Парламент Мәжілісіндегі жалпы отырыста.

«Бюджет жобасында Мемлекет басшысының тапсырмасымен мемлекеттің әлеуметтік міндеті толықтай сақталды, 2016 жылы ол 416 млрд теңгеге бағаланып отыр, 2018 жылы ол 747 млрд теңгені құрайды», - деді Б.Сұлтанов.

Министрдің айтуынша, халықтың аз қорғалған бөлігін қорғау мақсатында бюджет жобасында зейнетақы төлемдерін көбейту негізі сақталды.

Ботагөз Айтжанова

 

Барлық жаңалықтар