• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР-ның 2016 жылдағы мемлекеттік бюджеттің шығыны 7 660 млрд теңге көлемінде болжануда

ҚР-ның 2016 жылдағы мемлекеттік бюджеттің шығыны 7 660 млрд теңге көлемінде болжануда

18 Қараша, 2015 16:21
2016 жылдағы республикалық бюджеттің шығыны 7 666,7 млрд теңге көлемінде болжануда, деп хабарлады ҚР ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев ҚР Парламенті Мәжілісіндегі пленарлы отырыста.

2016 жылдағы республикалық бюджеттің шығыны 7 666,7 млрд теңге көлемінде болжануда, 2017 жылы   - 8 124,4 млрд теңге, 2018 жылы  - 7 621,1 млрд теңге. 

Айта өтейік, 2016 жылдың қаржылай мүмкіндіктері 850 млрд теңгеден астам сомаға қысқарды. Қысқартулар көбіне базалық шығындарға тиесілі.

Экономиканың негізгі құралы «Нұрлы жол» бағдарламасы болады, оны жүзеге асыру үшін бюджеттен 1 241,5 млрд теңге қарастырылған, оның ішінде 2016 жылы  - 491,5 млрд теңге.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар