• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2016-2018 жылдардың қайта қаралған бюджетінде табыстылығы жоғары бағдарламалардың шығыны сақталып қалды

2016-2018 жылдардың қайта қаралған бюджетінде табыстылығы жоғары бағдарламалардың шығыны сақталып қалды

18 Қараша, 2015 16:08
Бюджет жобасы шығын көлемін барынша қысқарту асында қайта жасақталды, алайда бұл ретте жалғастырылып жатқан жобалар мен табыстылығы жоғары жобалар еш өзгеріссіз қалды, деп хабарлады ҚР қаржы министрі Бақыт Сұлтанов ҚР Парламенті Мәжілісіндегі пленарлы отырыста.

«2016-2018 жылдардың бюджет жобасы 2016-2020 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық болжамдарға негізделе отырып жасақталды және тамыз айында мақұлданды. Алайда соңғы кездегі макроэкономикалық өзгерістерге байланысты аталмыш болжам қайта қарастырылды. Заң жобасын депутаттармен тақылау барысында өзгертулер енгізілді», - деді Б. Сұлтанов.

Министр атап өткендей, түзетулерді екі топқа топтастыруға болады, бірі теңге бағамына қатысты, екіншісі ҚР Үкіметінің резервіндегі қаржыны іске қосу.

«2016-2018 жылдардың бюджет жобасы шығын көлемін барынша қысқарту асында қайта жасақталды, алайда бұл ретте жалғастырылып жатқан жобалар мен табыстылығы жоғары жобалар еш өзгеріссіз қалды», - деп түсіндірді министр.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар