• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ұлттық банктің болжамы бойынша 2016 жылы қазақстандық экспорт көлемі 40 млрд долларды құрайды

Ұлттық банктің болжамы бойынша 2016 жылы қазақстандық экспорт көлемі 40 млрд долларды құрайды

18 Қараша, 2015 15:48
Ұлттық банктің болжамы бойынша 2016 жылы қазақстандық экспорт көлемі 40 млрд долларды құрайды, деді Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев Парламент Мәжілісінде «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасының таныстырылымында.

«Ұлттық банктің болжамы бойынша 2016 жылы экспорт көлемі 40 млрд долларды құрайды, ол 2020 жылы 52,2 млрд долларға өсуім мүмкін. Импорт 2016 жылы 28,9 млрд теңгені құраса, 2020 жылы 36,1 млрд теңгені құрамақ», – деді ол.

Министр атап өткендей, инфляция деңгейі 2016-2017 жылдары 6-8 пайызда, 2018 жылы 5-7 пайызда, 2019 жылы 4-6 пайыз болуы мүмкін.

2016-2020 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы  есебінде 2016-2018 жылға арналған республикалық бюджет қайта қаралады.

Индира Кауметова

 

 

Барлық жаңалықтар