• Басты
  • Жаңалықтар
  • ИИДМБ: Н.Назарбаев жаңа экономикалық жағдайда кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттігін дамытуды тапсырды

ИИДМБ: Н.Назарбаев жаңа экономикалық жағдайда кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттігін дамытуды тапсырды

18 Қараша, 2015 15:23
Жаңа экономикалық жағдайда үдемелі индустриялды инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының бірінші бесжылдығында кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттігін дамыту қажет, деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордадағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

«Индустриялды жобалар бойынша қолайлы жылдары біз 770 нысанды іске қостық. Алайда, қазіргі жағдайда олардың көбі бәсекеге қабілетті бола алмай  қалды, мемлекеттің қолдауымен күн кешкендер де баршылық. Ондай компаниялар болмауы тиіс. Келесі бесжылдықты бастап та кеттік. Осы жылы- 120 нысан бар», - деді Н.Назарбаев.

Президент атап өткендей, біз жобаны бастағанда оның нәтижесін болжап қоятынбыз. Бұл сапа емес, санды көбейті болады».

«Өңірлердегі басшылық жарыс ұйымдастырды. Қазір бұл кәсіпкерлер үкіметтен көмек сұрап отыр. Барлығы бағдарлама бойынша нақты есептелуі керек. 2016 жылдың 1 сәуірінен бастап жаңа форматта жұмыс істеуіміз керек», - деді Президент.

Ботагөз Айтжанова

 

Барлық жаңалықтар