- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев зейнет жасының неліктен ұзартылғанын түсіндірді
Н.Назарбаев зейнет жасының неліктен ұзартылғанын түсіндірді
«Зейнет жасын көтеру жай әншейін деп ойлайсыздар ма? Қарапайым адам үшін - бұл ауыртпалық. Бірақ, оған сенің балаларың 15 жылдан кейін зейнетақы ала алмайды десең, ол мұны түсінбейді. Оған бізде өмір сүру ұзақтығы көз алдымызда небәрі 10 жылдың ішінде 64-тен 72 жасқа өскенін түсіндіру қажет. Бірде-бір мемлекет дәл осындай уақыт ішінде мұндай өмір ұзақтығына қол жеткізген жоқ», - деді ҚР Президенті.
Елбасының атап өтуінше, бүгінгі таңда елімізде де, әлемде де қарттар саны артып, сол себепті жұмысшылардың саны, соған сәйкес зейнетақы аударымдарының көлемі кемуде.
«Егер біз жасты ұлғайтпасақ, онда зейнетақыға да ақша болмайды. Меніңше, бұл барлығына да түсінікті. Яғни, мемлекет адамдардың бүгінгі күні ғана емес, алдағы өмірі де жақсы болуы үшін алдын алу шаралар қабылдауы керек. Бұл ретте азаматтардың барынша зардап шекпеуін назарға алған жөн», - деді Мемлекет басшысы.
Айта кетейік, бүгінгі таңда зейнетақыға шығу ерлерге 63 болса, әйелдерге 58 жастан басталады. ҚР «ҚР зейнетақы жүйесін қамту» Заңы бойынша 2018 жылдан бастап 2027 жылға дейін әйелдер жасы 63-ке дейін жетті. 1964 жылы туылған әйелдер 63 жасында зейнетақыға шығады.
-
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Елімізде тұрғын үй бағасы неліктен қымбаттады -
Зейнетақы жарналарын пайдалану: 206 мың қазақстандық тұрғын үй жағдайын жақсартты -
Бекшин Алматы қаласында шектеу шараларының жеңілдеу себебін түсіндірді -
Зейнетақы жүйесінің дамуы: Қандай өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі -
Еңбекмин: зейнетақы жүйесі, АӘК және балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау шаралары -
Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға беруге болады -
61 мыңға жуық қазақстандық зейнетақы аннуитеті шартына қол қойған -
Зейнетақы жинағын емге жұмсау қалай жүзеге асады -
Мессенджерлердегі зейнеткерлік жасты төмендету туралы ақпарат жалған -
Зейнетақы жинақтарын пайдалану: алғашқы нәтиже, үй бағасының қымбаттауы, өтінім қабылдамаудың себептері