- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері мемлекеттік тілден емтихан тапсыруда (ФОТО)
ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері мемлекеттік тілден емтихан тапсыруда (ФОТО)
Жыл сайын саны өзгеріп тұратынын айта кетейік. Себебі, әскери қызметшілер бір деңгейден басқа деңгейге көшіп отырады, ал тереңдетілген курстан өткендер оқып-үйренуді аяқтайды. Дайындық үш деңгей бойынша өткізіледі. Бастауыш, жалғастырушы және тереңдетілген.
2015 оқу жылының қорытындысы бойынша ҚР Қорғаныс министрлігінің Орталық аппараты мен ҚР ҚК Бас штабы бөлімшелерінің 139 әскери қызметшісі мен азаматтық персоналы 2015 жылы қазақ тілін оқып-үйренді. Оның 125-і емтихан тапсырды.
«Қазақ тілін үйрену әскери қызметші үшін және Қазақстанның кез келген азаматы үшін өте маңызды. Біз күн сайын қазақ тілінде қызметтік құжаттар әзірлейміз, мемлекеттік органдармен хат жазысамыз. Бұл кәсіби дағдымызды арттыру үшін жақсы мүмкіндік», - деді ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшісі қатардағы жауынгер Есения Маркштедер.
Мемлекеттік тілді оқыту офицерлер мен қызметкерлерді ғана емес, сонымен бірге ҚР Қарулы Күштерінің басшылық және командалық құрамын қамтиды. Осы жылы жоғары офицерлік құрамның 337 өкілі мемлекеттік тілден сынақ тапсырды. Оның қорытындысы бойынша емтихан тапсырғандардың 82%-ы өз білімдерін растады. Мемлекеттік тілді дамыту, ҚР ҚК әскери қызметшілері арасында қазақстандық патриотизмді нығайту тәрбие-идеологиялық жұмыста маңызды элемент болып табылатынын айта кетейік. Сонымен, жыл сайын Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілер арасында мемлекеттік тілді білу бойынша «Тіл – татулық тірегі» онкүндігін, «Тіл шебері» фестивалін өткізіп тұрады. ҚР Қорғаныс министрлігінің командасы әскери қызметшілер, құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлері арасында өткен «Тіл – тұтастық кепілі» атты республикалық байқаудың бас жүлдесін жеңіп алды.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі қалай -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі