• Басты
  • Астанада жол-құрылыс индустриясының соңғы жетістіктері көрсетілді
18 Қараша, 2015 15:52

Астанада жол-құрылыс индустриясының соңғы жетістіктері көрсетілді

Астанада «ҚазАвтоДор - Kaztraffic-2015» XII Халықаралық көрмесі өтуде. Іс-шараның ұйымдастырушылары: ҚР Инвестициялар және даму министрлігі және «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы, деп хабарлады «Қазавтожол» АҚ.
Астанада жол-құрылыс индустриясының соңғы жетістіктері көрсетілді | Strategy2050.kz

Астаналық «Көрме» орталығындағы іс-шарада 100-ден астам үздік кәсіпорындар жиналды. Олардың қатарында автомобиль жолдарын салу және пайдалану, жол көлігі мен жабдықтарын жасау және жол қозғалысы қаупсіздігін қамтамасыз ету салаларында жұмыс жасайтын Ресей, Украина, Белоруся, АҚШ, Германия және тағы басқа елдерінің ірі компаниялары мен фирмалары, ғылыми-зерттеу және жобалық институттары бар. 

Іскерлік бағдарламаның бірінші күні аясында ҚР Инвестициялар және даму бойынша Бірінші вице-министрі Жеңіс Қасымбектің, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі автомобиль жолдары Комитетінің Басқарма Төрағасы Мереке Пірмешовтың және «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарманың Төрағасы Ермек Қизатовтың қатысумен көрменің салтанатты түрде ашылу рәсімі өтті.

Құттықтау сөздер айтылған соң, көрменің тұсауы кесіліп, құрметті қонақтар көрменің қатысушылары ұсынған жол жобалары мен жол құрылысы қызметтерін, жаңа кұрылыс материалдары мен жол салу технологияларынан бастап жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету механизмдеріне дейінгі кең ауқымды өнімдерді тамашалады.

Көрмеден кейін, «Белавтодор» белорусиялық холдингі және «ҚазАвтоЖол» компаниясы арасында ыңтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Аталған құжаттың мақсаты технология трансферті мен автокөлік саласындағы ақпарат және тәжірибе алмасу бойынша өзара байланыстарды дамыту және нығайту болып табылады. 

«ҚазАвтоЖол» компаниясы Автомобиль көлігінің халықаралық одағымен тағы бір келісімге қол қойды. Ұйымның Еуразиядағы өкілділігінің басшысы Дмитрий Чельцов айтып өткендей: «Бұл келісім «ҚазАвтоЖол» компаниясының халықаралық автокөлік тасымалы қауіпсіздігін әлемдік стандартқа жақындатады.

Көрменің ашылуы, барысы және Меморандумдарға қол қою қорытындылары бойынша ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің бірінші вице-министрі Жеңіс Қасымбектің, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің автомобиль жолдары комитетінің Басқарма Төрағасы Мереке Пірмешовтың, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарманың Төрағасы Ермек Қизатовтың, «Белавтодор» бас директоры Юрий Масюктің және өзге де автокөлік саласындағы халықаралық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен пресс-конференция өтті.

«Мұның барлығы біздің елге артылған сенімнің жоғары деңгейін және әлемдік бірлестіктің қызығушылық танытуы мен инвестициялық тартымдылығымызды білдіреді»- деп атап айтты ол.

Сонымен қатар, «ҚазАвтоЖол» басшысы 100 нақты қадам – Ұлт жоспарындағы 58 қадамды жүзеге асыруға бағытталған соңғы заң шығару бастамалары туралы айтып кетті.

Жол транспорт инфрақұрылымын дамыту Жоспардың басым бағыты болып келеді. Ол 58 қадамда көрсетілгендей, жол-көлік инфрақұрылымын қалысптастыру және дамыту жөнінде бірыңғай оператор қалыптастыру үшін стратегиялық (зәкірлік) инвесторлар тартуды көздейді. 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды